You are here

Алматының ірі таксопарктерінің бірі мыңдаған қазақстандық жаңа буындағы LADA Granta автокөлігіне ие болмақ

    Қазақстандық «АЗИЯ АВТО» автокөлік құрастыру зауыты «ВЕРНЫЙ ПАРТНЁР» таксомотор паркіне мыңдаған автомобильдерден тұратын партияны жеткізбекші. Алматы қаласының ең ірі такси қызметі жаңа буынның LADA Granta седандарымен жиынтықталатын болады. Алғашқы жүз автомобиль оңтүстік астананың көшелерінде биылғы жылы пайда болады.

    «АЗИЯ АВТО» мен «ВЕРНЫЙ ПАРТНЁР» компаниясының ынтымақтастығы Алматыда қала тұрғындарын жайлы, экологиялық және қымбат емес көлікпен қамтамасыз ететін ең ірі таксомотор паркін құруға мүмкіндік берді. Жеткізілетін LADA Granta автомобильдері ЕВРО-5 экологиялық стандарттың жоғары талаптарына жауап береді. Таксиді колл-орталық арқылы, сондай-ақ «Яндекс. Такси» ұялы қосымшасы арқылы шақыртуға болады.

    «ВЕРНЫЙ ПАРТНЁР» компаниясы қазақстандық өндіріс автокөліктерін сатып алуға 4 млрд теңге ($11 млн) инвестиция жұмсамақ.


    «АЗИЯ АВТО» АҚ вице-президенті Андрей Толстиков және «Верный Партнер» такси қызметінің негізін қалаушы Максим Сарсенов
    «АЗИЯ АВТО» АҚ вице-президенті Андрей Толстиков және «Верный Партнер» такси қызметінің негізін қалаушы Максим Сарсенов

    Максим Сарсенов, «Верный Партнер» такси қызметінің негізін салушы:

    Екі жыл бұрын Президент еліміздің ірі қалаларында — Астана қаласынан кейін — айқын сервис стандарттарына кепілдік беретін және сыртқы пішіні бірыңғай заманауи такси қызметін құруға кеңес берген болатын. Біздің жоба Алматыда осы ойды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.

    Бүгінгі таңда біздің такси қызметінің паркі 550 автокөліктен тұрады. Біздің серіктесіміз «АЗИЯ АВТО» заводының қатысуы арқасында такси қызметінің қуаттылығын шамамен үш есеге арттырып, 1500 жаңа жұмыс орнын құра аламыз. Ең бастысы — оңтүстік астананың тұрғындары заманауи мегаполистің жоғары стандарттарына жауап беретін такси қызметіне қол жеткізе алатын болады. Сонымен қатар, қызмет көрсету құны бұрынғыдан да қолжетімді.

    Андрей Толстиков, «АЗИЯ АВТО» вице-президенті:

    Жаңа LADA Granta тұсаукесері қатардағы қазақстандықтардың ғана назарын аударып қоймай, бұл автомобильге көлік секторы компанияларынан біздің серіктестеріміз үміт артып отырғандығына қуаныштымыз. Модель айтарлықтай өзгеріске ұшырады, ол Алматы қаласының көшелерін көріктендіре түспек және «ВЕРНЫЙ ПАРТНЁР» жобасы арқасында қаланың негізгі символдарының біріне айналады деп сенемін.

    Жаңа LADA Granta Renault-Nissan-Mitsubishi альянсының инженерлерімен бірлесе жасалған жабдықтау элементтеріне ие болды. Бұл ЕВРО-5 нормативтеріне жауап беретін экологиялық қауіпсіз автомобиль. Сондықтан, «ВЕРНЫЙ ПАРТНЁР» әріптестерімен бірлескен жұмыс қаланы бұрынғыдан да ыңғайлы әрі таза етеді деп сенеміз!

    Естеріңізге сала кетейік, екінші буынның LADA Granta моделі алғаш рет 2018 жылғы 29 тамызда Мәскеулік халықаралық автокөлік салонында ұсынылды. 20 қыркүйек күні «АЗИЯ АВТО» зауыты Өскемен қаласындағы қуаттылықтарда жаңа модельдің өндірісіне кірісті.

    LADA Granta-ның бірінші буыны Қазақстан нарығында ең қолжетімді автокөлік атағымен танымал және ең жақсы сатылатын модельдердің үштігі қатарына нық кіріп отыр. Бүгінгі күні республика жолдарында 43 мыңнан астам LADA Granta автомобильдері жүр. Бұл қазақстандықтар талап етіп отырған ресей брендінің желісіндегі модель.

    LADA бестселлері LADA стилінің заманауи ДНК ерекшеліктеріне ие болды: алдыңғы бампердің X-бейнесіндегі графикасы, көзтартарлық жарық техникасы, жүксалғыштың жаңа бедері және көптеген ыңғайлы жақсартылған жабдықтары таныс автомобиль туралы сапалы жаңа бейне туғызады.

    Базалық жиынтықтың өзінде LADA Granta жүргізушіге көмек ретінде ABS, BAS және EBD электронды жүйелермен, рульдің электрлі күшейткішімен, алдыңғы әйнектердің электрлі әйнек көтергіштерімен, шудан оқшаулаудың толық пакетімен, борттық компьютермен және ЭРА-ГЛОНАСС жүйесімен жабдықталған.


    Жаңа буынның LADA Granta седаны
    Жаңа буынның LADA Granta седаны

    Жаңалықтар мен оқиғалар