You are here

Авторетейлдегі 2017 жылдың алдын ала қорытындылары: қазақстандықтар 41,7 мың жаңа жеңіл автокөлік сатып алды, дилерлердің түсімі $1 млрд-қа жақындады

    «КазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы 2017 жылдың 11 айының жұмыс қорытындылары туралы хабарлайды.

    Есеп беру кезеңінің қорытындылары бойынша ресми дилерлер 41 698 автомобиль сатты, ол өткен жылғы көрсеткіштен 5,9%-ға жоғары. Есеп беру кезеңінде қазақстандықтар $999,4 млн жаңа жеңіл автомобиль сатып алуға жұмсады, ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 30,4%-ға жоғары.

    Ағымдағы жылдың қараша айының қорытындылары бойынша сатылым өткен жылғы көрсеткіштен 10,5%-ға артты (4 711 бірлік). Құндық мәндегі нарық құны бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,6%-ға артып, $106,3 млн-ға жетті.

    ОЛЕГ АЛФЁРОВ,
    «КазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағының Басқарма Төрағасы:

    Екі жылдан артық уақытқа созылған нарықтық дағдарыстың аяқталуы авторетейлдегі жылдың басты нәтижесі болып табылады: қараша айы 2014 жылдың ортасында нарықты қамтыған рецессиядан шыққаннан кейінгі үздіксіз өсудің жетінші айы болмақ. Ұсыныстар тобын, сондай-ақ макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыруды және тұтынушыны жаңа валюталық шындыққа бейімдеуді айтарлықтай арттырған қазақстандық өндірушілер саланы қалпына келтірумен айналысты.

    Бүгінгі күні жеңіл автокөліктер сатылымы тұрақты деңгейде: қыркүйек айынан бастап ай сайынғы сатылым 4 700 автокөлікті құрайды, ал дилерлік түсім $100 млн. артты.

    Жоғарыда аталған 2017 жылғы болжам: 12 айдың қорытындылары бойынша нарық 46 мың сатылған автокөлік санын көрсетті. Жыл 6% өсіммен аяқталмақ, ал қазақстандықтардың жеңіл автокөлік сатып алуға жұмсаған шығыны $1,1 млрд. артады. Дегенмен, бұл көрсеткіш 2015 жылғы көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерді қалпына келтіру үшін саланы қиын жол күтіп тұр.

    Дегенмен, 2018 жылы біз әлдеқайда жоғары көрсеткіштерді күтеміз және мұнай бағалары тұрақты болған жағдайда және қазақстандық автозауыттар алдыға қойған жоспарларды іске асырған жағдайларда, алдағы жылы нарық 60 мың бірлікке дейін өсімді көрсетуі мүмкін. Жеңілдетілген автонесиелердің және кәдеге жарату бағдарламасын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының үшінші траншы саланы қалпына келтіруге қомақты қолдау көрсетеді.

    Он бір айдың қорытындылары бойынша сатылған 27 414 автомобиль (65,7%) импорттың үлесіне тиесілі, 14 284 сатып алушы (34,3%) қазақстандық автозауыттар өнімдеріне өз таңдауын жасады.

    Қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша қазақстандықтар талап еткен брендтер рейтингісін Toyot бастап тұр: 2017 жылдың он бір айы ішінде республика аумағында жапон маркасының 8 319 автокөлігі сатылды. Lada модельдерінің сатылымы 7 721 бірлікті құрады. Ravon 4 062 сатылған автокөлік көрсеткішімен үшінші позицияда орналасты. Көшбасшылар бестігін Hyundai (3 253 бірл.) және GAZ (2 328 бірл.) аяқтап тұр. Ең табысты маркалардың TOP-10 қатарына Renault (2 288 бірл.), KIA (2 123 бірл.), UAZ (1 685 бірл.), Nissan (1 550 бірл.) және Chevrolet(1 406 бірл.) енді.

    Жеңіл модельдер рейтингісінде ToyotaCamry (3 098 бірл.), Lada 4×4 жол талғамайтын көлігі (2 628бірл.) және Ravon Nexia (2 221 бірл.) көшбасшылар қатарында. Модельдердің ТОP-5 тобын Lada Granta (1 546 бірл.) және Lada Largus (1 521 бірл.) аяқтайды.

    Сондай-ақ, тұтынушылар ұнатқан алғашқы жиырма модельдер тобына Toyota Rav4 (1 367 бірл.), Ravon R4 (1 218 бірл.), Toyota Land Cruiser 200 (1 102 бірл.), Renault Duster(1 024 бірл.),Toyota Land Cruiser Prado (1 007 бірл.),Volkswagen Polo (950 бірл.), Toyota Corolla (875 бірл.), HyundaiCreta (854 бірл.), Lada Vesta(839 бірл.), Hyundai Elantra (825 бірл.), Hyundai Tucson (772 бірл.), Renault Sandero (643 бірл.), Hyundai Accent (582 бірл.), Toyota Hilux (509 бірл.) және Lexus LX (499 бірл.) кірді.

    БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО холдингі Қазақстан нарығында ең ірі дилерлік топ мәртебесін сақтап қала алды. Есеп беру кезеңінің қорытындылары бойынша барлық жаңа жеңіл автокөлік сатып алушылардың 29,1%-ы (LCV қоса алғанда) осы топтың ұсыныстарына өз таңдауларын жасады.Нарықтың 17%-ы КМК AstanaMotors сатылымына тиесілі. Сонымен қатар, қазақстандық авторетейлдің ең белгілі қатысушыларының ондығына 9,0% үлеспен Вираж, Toyota City Алматы (4,9%), Allur Auto (4,3%), Mercur Auto (3,3%), Aster Auto (2,2%),Тойота Центр Жетысу (2,2%), Урал-Кров (1,7%) және Автомир (1,3%) кірді.

    Ағымдағы жылдың қаңтар-қарашасында жеңіл автокөліктерді сатып алуда негізгі белсенділік танытқан Алматы (10 762 сатылған автомобиль), Астана (7 660 бірл.), Шымкент (3 007 бірл.), Атырау (2 856 бірл.), Қостанай (2 594 бірл.), Қарағанды (2 438 бірл.), Орал (2 189 бірл.), Өскемен (2 032 бірл.), Ақтау (1 601 бірл.) және Ақтобе (1 555 бірл.).

    2017 жылдың 11 айының ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

    Жеңіл модельдердің TOP-20

    Модель Сатылымдар, бірл. Үлесі, %
    1 Toyota Camry 3 098 7,4
    2 Lada 4×4 2 628 6,3
    3 Ravon Nexia 2 221 5,3
    4 Lada Granta 1 546 3,7
    5 Lada Largus 1 521 3,6
    6 Toyota Rav4 1 367 3,3
    7 Ravon R4 1 218 2,9
    8 Toyota Land Cruiser 200 1 102 2,6
    9 Renault Duster 1 024 2,5
    10 Toyota Land Cruiser Prado 1 007 2,4
    11 Volkswagen Polo 950 2,3
    12 Toyota Corolla 875 2,1
    13 Hyundai Creta 854 2,0
    14 Lada Vesta 839 2,0
    15 Hyundai Elantra 825 2,0
    16 Hyundai Tucson 772 1,9
    17 Renault Sandero 643 1,5
    18 Hyundai Accent 582 1,4
    19 Toyota Hilux 509 1,2
    20 Lexus LX 499 1,2

    Брендтер кесіндісіндегі автокөлік сатылымдары

    Бренд Сатылымдар, бірл. Үлесі, %
    1 Toyota 8 319 20,0
    2 Lada 7 721 18,5
    3 Ravon 4 062 9,7
    4 Hyundai 3 253 7,8
    5 GAZ 2 328 5,6
    6 Renault 2 288 5,5
    7 KIA 2 123 5,1
    8 UAZ 1 685 4,0
    9 Nissan 1 550 3,7
    10 Chevrolet 1 406 3,4
    11 Volkswagen 1 365 3,3
    12 Lexus 1 078 2,6
    13 Lifan 830 2,0
    14 JAC 590 1,4
    15 BMW 455 1,1
    16 Subaru 439 1,1
    17 Skoda 289 0,7
    18 SsangYong 276 0,7
    19 Mitsubishi 265 0,6
    20 Ford 263 0,6
    21 Mercedes-Benz 255 0,6
    22 Peugeot 192 0,5
    23 Audi 161 0,4
    24 Mazda 133 0,3
    25 Land Rover 114 0,3
    26 Infiniti 90 0,2
    27 Isuzu 45 0,1
    28 Geely 34 0,1
    29 Porsche 31 0,1
    30 Jaguar 23 0,1
    31 Mini 20 0,04
    32 Suzuki 13 0,03
    33 Rolls Royce 1 0,002
    Genesis 1 0,002

    Дилерлік топтардың TOP-10

    Дилерлік топ Сатылымдар, бірл. Үлесі, %
    1 БИПЭК АВТО 12 142 29,1
    2 Astana Motors 7 072 17,0
    3 Вираж 3 746 9,0
    4 Toyota City Алматы 2 045 4,9
    5 Allur Auto 1 779 4,3
    6 Mercur Auto 1 355 3,3
    7 Aster Auto 926 2,2
    8 ТойотаЦентрЖетысу 914 2,2
    9 Урал-Кров 700 1,7
    10 Автомир 555 1,3

    Ақпарат көзі: kazautoprom.kz

    Жаңалықтар мен оқиғалар