You are here

Авторетейлдегі жылдың алдын қорытындылары: 2018 жылдың 11 айы ішінде қазақстандықтар сомасы 449 млрд теңгеге 2,4 мың жаңа жеңіл машина сатып алды

    «КазАвтоПром» Қазақстанның автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы толық емес 2018 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша жаңа жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөліктер нарығына қатысушылардың жұмыс қорытындылары туралы хабарлайды.

    Қаңтар-қараша айлары кезеңінде ресми дилерлер 52 467 автомобиль сатты, ол бір жыл бұрынғы жылғы көрсеткіштен 25,8%-ға жоғары. Есеп беру кезеңінде қазақстандықтар жаңа жеңіл автомобиль сатып алуға 449,2 млрд теңге (~$1,3млрд) жұмсады, ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 37,9%-ға жоғары.

    Ағымдағы жылдың қараша айының қорытындылары бойынша сатылым (5 328 бірлік) өткен жылғы көрсеткіштен 13,1%-ға артты. Құндық мәндегі нарық көлемі бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 30,6%-ға артып, 46,1 млрд теңгеге ($124,5млн) жетті.

    Есеп беру кезеңінің қорытындылары бойынша сатылғандарының ішінен 27 178 автомобиль (51,8%) импорттың үлесіне тиесілі, 25 289 сатып алушы (48,2%) қазақстандық автозауыт өнімдеріне өз таңдауын жасады.

    ОЛЕГ АЛФЁРОВ,
    «КазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағының директорлар кеңесінің төрағасы:

    "Қараша айында қазақстандық автокөлік нарығы есеп бойынша үздіксіз өсу тоқсанының жетіншісін аяқтады. Тұтынушылық сұранысты қалпына келтіру процесі тұрақты қарқынмен жалғасуда, жыл қорытындылары бойынша қазақстандықтардың автокөлік сатып алуға жұмсаған шығындары 500 млрд теңге деңгейіне жақындады. Нарықтық динамика болжамды экономикалық ахуалмен, отандық автозауыттар шығаратын модель портфелін белсенді кеңейтумен және жеңілдетілген автонесиелер бағдарламаларын қосымша қаржыландырумен қамтамасыз етілді. Жаңа жеңіл автокөлік сатып алушының әрқайсысы мемлекеттік бағдарлама аясындағы қарыз алды.

    Биылғы 2018 жыл біз бір жыл бұрын болжаған көрсеткіштерге сәйкес аяқталмақшы: нарық сатылымдары 25% өсімді көрсетіп, 58 мың автокөлік белгісінен артты. 2019 жылға мақсатты бағдар — 75 мың сатылған автомобиль. Осы көлемдердің жартысынан артығы қазақстандық автокөлік өндірушілердің ұсыныстарын құрайды.

    Ағымдағы жылдың он бір айының қорытындылары бойынша қазақстандықтар талап еткен брендтер рейтингісін Lada бастап тұр: 2018 жылдың басынан бастап республика аумағында ресей маркасының 12 061автомобилі сатылды. Toyota моделінің сатылымы 11 215 бірлікті құрады. Үшінші орында сатылған 7 626 автокөлік көрсеткішімен Hyundai маркасы. Көшбасшылар бестігі қатарын KIA (2593 бірл.) және GAZ (2463 бірл.) аяқтап тұр. Сондай-ақ, ең табысты маркалардың TOP-10 қатарына Nissan (2188 бірл.), Renault (1824 бірл.), Ravon (1727 бірл.), Volkswagen (1382 бірл.) және UAZ (1348 бірл.) енді.

    Жеңіл модельдер рейтингісінде Toyota Camry (4208 бірл.), Lada Granta (3147 бірл.) және Lada 4×4 жол талғамайтын көлігі (3036 бірл.) көшбасшылар қатарында. Модельдердің ТОP-5 қатарын Lada Vesta (2547 бірл.) мен Hyundai Tucson (2400 бірл.) аяқтап тұр.

    Сонымен қатар, тұтынушылық таңдаудың жиырма моделіне Lada Largus (1848 бірл.), Toyota Land Cruiser Prado (1800 бірл.), Hyundai Elantra (1781 бірл.), Hyundai Accent (1766 бірл.), Toyota Rav4 (1515 бірл.), Hyundai Creta (1481 бірл.), Toyota Corolla (1280 бірл.), Ravon Nexia (1041 бірл.), Toyota Land Cruiser 200 (1014 бірл.), Volkswagen Polo (958 бірл.), Toyota Hilux (885 бірл.), KIA Sportage (846 бірл.), Lada XRAY (801 бірл.), Renault Duster (766 бірл.) және JAC S3 (652 бірл.) енді.

    БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО холдингі Қазақстан нарығында ең ірі дилерлік топ мәртебесін сақтап қала алды. Есеп беру кезеңінің қорытындылары бойынша барлық жаңа жеңіл автокөлік сатып алушылардың 31,2%-ы (LCV қоса алғанда) осы топтың ұсыныстарына өз таңдауларын жасады. Нарықтың 22,3%-ы КМК Astana Motors сатылымына тиесілі. Сонымен қатар, қазақстандық авторетейлдің ең белгілі қатысушыларының ондығына 8,1% үлеспен Вираж, Toyota City Алматы (5,2%), Allur Auto (2,5%), Mercur Auto (2,5%), Тойота Центр Жетысу (2,2%), Aster Auto(2%), Автомир (2%) және Тойота Центр Атырау (1,2%) енді.

    Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындылары бойынша Алматы (13 951 сатылған автомобильдер), Астана (9 471 бірл.), Атырау (3893 бірл.), Шымкент (3439 бірл.), Қостанай (3 232 бірл.), Қарағанды (3 213 бірл.), Орал (2342 бірл.), Өскемен (2 207 бірл.), Ақтау (2 116 бірл.) және Ақтөбе (1970 бірл.) қалаларының тұрғындары жеңіл автокөліктерді сатып алуда негізгі белсенділік танытты.

    2018 жылдың 11 айының ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

    TOP-20 жеңіл модельдер

    Модель Сатылымдар, бірл. Үлес, %
    1 Toyota Camry 4208 8,0
    2 Lada Granta 3147 6,0
    3 Lada 4×4 3036 5,8
    4 Lada Vesta 2547 4,9
    5 Hyundai Tucson 2400 4,6
    6 Lada Largus 1848 3,5
    7 Toyota Land Cruiser Prado 1800 3,4
    8 Hyundai Elantra 1781 3,4
    9 Hyundai Accent 1766 3,4
    10 Toyota Rav4 1515 2,9
    11 Hyundai Creta 1481 2,8
    12 Toyota Corolla 1280 2,4
    13 Ravon Nexia 1041 2,0
    14 Toyota Land Cruiser 200 1014 1,9
    15 Volkswagen Polo 958 1,8
    16 Toyota Hilux 885 1,7
    17 KIA Sportage 846 1,6
    18 Lada XRAY 801 1,5
    19 Renault Duster 766 1,5
    20 JAC S3 652 1,2

    Брендтер кесіндісіндегі автокөлік сатылымдары

    Бренд Сатылымдар, бірл. Үлес, %
    1 Lada 12061 23,0
    2 Toyota 11215 21,4
    3 Hyundai 7626 14,5
    4 KIA 2593 4,9
    5 GAZ 2463 4,7
    6 Nissan 2188 4,2
    7 Renault 1824 3,5
    8 Ravon 1727 3,3
    9 Volkswagen 1382 2,6
    10 UAZ 1348 2,6
    11 Lexus 1301 2,5
    12 JAC 1065 2,0
    13 Chevrolet 971 1,9
    14 Lifan 741 1,4
    15 Skoda 738 1,4
    16 Subaru 679 1,3
    17 Mitsubishi 463 0,9
    18 BMW 421 0,8
    19 Mazda 302 0,6
    20 Land Rover 213 0,4
    21 Mercedes-Benz 185 0,4
    22 Ford 184 0,4
    23 Isuzu 163 0,3
    24 Peugeot 150 0,3
    25 Infiniti 129 0,2
    26 Audi 123 0,2
    27 Porsche 76 0,1
    28 Cadillac 37 0,1
    29 Volvo 29 0,06
    30 Jaguar 26 0,05
    31 Mini 16 0,03
    32 SsangYong 14 0,03
    33 Suzuki 12 0,02
    34 Genesis 1 0,002
    Rolls Royce 1 0,002

    TOP-10 дилерских групп

    Дилерлік топ Сатылымдар,бірл. Үлес, %
    1 БИПЭК АВТО 16375 31,2
    2 Astana Motors 11785 22,3
    3 Вираж 4276 8,1
    4 Toyota City Алматы 2734 5,2
    5 Allur Auto 1335 2,5
    6 Mercur Auto 1291 2,5
    7 ТойотаЦентрЖетысу 1162 2,2
    8 Aster Auto 1045 2,0
    9 Автомир 1025 2,0
    10 Тойота Центр Атырау 653 1,2

    Жаңалықтар мен оқиғалар