You are here

«АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН» ТОЛЫҚ ЦИКЛДІ ҚУАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2021 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

    Жобаны іске асырудың жаңа кестесі холдингтің өндірістік құрастыру туралы келісім аясындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді


    «АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН» ТОЛЫҚ ЦИКЛДІ ҚУАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2021 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

    «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ акционерлері толық циклді автоөндіріс құрылысының кестесін бекітті, ол 2021 жылы шанақты пісіру мен бояу қуаттарын іске қосуды қамтамасыз етеді. Компания өндірістік құрастыру туралы келісім аясындағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін қаржылық серіктестік туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

    Өскемен қаласындағы толық циклді автоөндіріс кластері құрылысының жобасын «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингі «АВТОВАЗ» АҚ атынан Renault-Nissan-Mitsubishi альянсымен бірлесіп іске асырады. «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ мен ҚР Үкіметі арасындағы өндірістік құрастыру туралы қолданыстағы келісім 2020 жылы шанақты пісіру мен бояу қуаттарын пайдалануға енгізуді болжамдайды. Бұрын хабарланғандай, белгіленген мерзімде компанияның жаңа ауқымды өндірісті іске қосуды жүзеге асыруына бірқатар форс-мажорлық оқиғалар мүмкіндік бермеді. Республиканың автомобиль нарығының көпреттік құлдырауы, ұлттық валюта бағамының өзгеруі мен қаржыландыру тартумен байланысты қиындықтар міндеттемелердің орындалуына негізгі кедергілер болды. Ағымдағы жылы компания кездескен қауіп-қатерлерге жауап ретінде шығындарды қысқарту және бизнесті қайта құрылымдау жөніндегі шаралар қабылдады.

    Одан басқа, акционерлер жаңа қаржылық серіктеспен уағдаластыққа қол жеткізді. Оның қатысуымен жасалған инвестициялық жоспар құрылыс процесін жеделдетуге және 2021 жылдан кешіктірмей жаңа қуаттарды пайдалануға енгізуге мүмкіндік береді. Жобаның құрылыс алаңындағы жұмыстар қазіргі кезде белсенді фазада.

    Ағымдағы кезеңде «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингі жобаға $74 млн өз қаражатын инвестициялады. Құрылыстың бірінші кезегінің аяқталуы өндіріс алаңдарын 93 мың шаршы метрге дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бастапқы кезеңде жаңа қуаттар жыл сайын 50 мың автомобиль шығаруға мүмкіндік береді, оларды жергіліктендіру деңгейі 50%-дан асады.

    https://forbes.kz