You are here

«АЗИЯ АВТО» ҚР ИИДМ СОТ ТАЛАБЫНЫҢ ҚҰҚЫҚҚА ЖАТТЫҒЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕЙДІ

    Индустрия министрлігінің талап арызының Нұр-Сұлтан қаласының МАЭС-да қаралуы заңнаманы бұзушылықтан басталған

    «АЗИЯ АВТО» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің 173 979 726 000 теңге мөлшерінде «мемлекеттің кірісіне залалдарды өндіру туралы» талап арызын мойындамайтыны туралы мәлімдейді. Кәсіпорынның ұжымы Министрліктің талаптарымен олардың әділетсіздігі және дәрменсіздігіне, тиісті материалдық-құқықтық негіздемелерінің және ондай залалдар келтірілген фактінің жоқтығына қарай үзілді-кесілді келіспейді.



    Бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың қарашасында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі 173 979 726 000 теңге сомасындағы залалды «АЗИЯ АВТО» АҚ-нан өндіру туралы талап арызбен Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) жүгінген. Министрліктің нұсқасы бойынша кәсіпорын залалды Өндірістік құрастыру туралы келісім бойынша міндеттемелерді орындамау нәтижесінде келтірген (берілген преференциялар мен жеңілдіктерді мақсатсыз пайдалану).

    Талап арыздың мәтініне сәйкес «Жауапкерлердің Келісім бойынша міндеттемелерді орындамауы нәтижесінде шеттен әкелінген автоқұраушылары мақсатты белгіленуі бойынша пайдаланылмаған, атап айтқада автоқұраушыларды әкелгенде және автомобильдерді өндірген кезде мемлекеттен алынған преференциялар мен жеңілдіктер жиналмаған, олар автоқұрастыру өндірісін дамытуға және „өндірістік құрастыру“ ұғымының талаптарын қолдануға бағытталуы тиіс болған».

    «АЗИЯ АВТО» АҚ талап қоюшы келтірген дәлелдердің дәрменсіздігі және істі іс жүргізуге қабылдаған кезде судья М.М. Сембиновтың жол берген процестік бұзушылықтары туралы мәлімдеу қажет деп есептейді. Министрліктің талап арызы барлық айқындығымен «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» тобының қызметін толығымен тұралату мақсатын көздейді.



    Төменде мәлімделген талап арыздың құқықты еместігінің негізгі жағдайлары келтірілген.

    1. «Залалды» есептеу мерзімі талап ету мерзімінің шегінен шығады.

    Талап қоюшы көрсеткен «жеңілдіктерді қайтару» талап етілетін даулы кезең, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 20 қарашаны қоса алғандағы аралық, талап қою мерзімінен тыс, ол ҚР АК-нің «соттың талап арыздан бас тарту туралы шешім шығаруына негіз болып табылады» деген 3-бабына байланысты аяқталған. Одан басқа, 07.04.2017 жылғы Келісімнің бұзылуына сүйене отырып, талап қоюшы Келісім жасалған кезге дейінгі «залалдың» орынын толтыру бөлімінде мәлімделген талаптарды ештеңемен негіздемеген.

    2. ИИДМ және өзге де ведомстволар ешқашан «автоқұраушылардың мақсатсыз пайдаланылуына» қатысты наразылықтар білдірмеген.

    Келісімнің 4.2-тармағына сәйкес «Автоқұраушылардың мақсатсыз пайдаланылуы анықталған жағдайда уәкілетті орган немесе кеден органы 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде заңды тұлғаға автоқұраушылардың мақсатсыз пайдаланылу фактісінің анықталғаны туралы хабарлама жолдайды». Тек осы жағдайда ғана заңды тұлғада кедендік баждар төлеу міндеттемесі туындайды. Тек қана осындай факт анықталған және дәлелденген жағдайда ғана.

    Осыған ұқсас хабарламалар Министрліктен де кеден органдарынан да Келісімнің қатысушылары ретінде өндірушілердің атына ешқашан түскен жоқ. Автоқұраушылардың мақсатсыз пайдаланылу фактілерінің бір де бір дәлелдемесі болған жоқ (ЖЕЭО-тың 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімінің 1-тармағының3-тармақшасы зардаптарының басталғанын ескертетін), ұсынылған жоқ және ешқашан болмаған.

    Жинақтауыштар әкелінген декларцияларды қоспағанда барлығы (соңғыларын айқындамалары бойынша есептегенде), «Шартты шығарылған тауарлардың мақсатты пайдаланылуын тану ережелері» 1-қосымшасының нысаны бойынша кеден органына шығарылған автокөлік құралының әрбір бірлігі бойынша берілетін «Тауарлардың... пайдаланылуы туралы мәліметтерде», (ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 208 және Үкімет төрағасының орынбасары — ҚР Ауылшаруашылығы министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 143 бірлескен бұйрығымен бекітілген) көрсетілген. Барлық даулы кезең ішінде кеден органы тарапынан бір де бір сәйкессіздік анықталған жоқ.

    3. Кәсіпорын Келісім негізінде жеңілдіктерді пайдаланбаған. Демек, олардың қайтарылуы талап етіле алмайды.

    ҚҚС мен кедендік баждарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер Келісім негізінде емес «бос қойма» режимі негізінде қолданылғандықтан, Талап қоюшы ұсынған преференциялардың есебі құқыққа сыйымсыз. Сонымен, есептелген соманы міндеттеу әрекеттері негіздемелерден айырылды.

    Кеден кодексінің 129-бабының3-тармағына сәйкес тауарларды мұндай төлеуді қарастырмайтын кеден процедураларына орналастырған кезде кедендік баждар, салықтар төленбейді. Мұндай процедураларға Бос қоймалар туралы келісімнің 8-бабының1-тармағына байланысты бос қойманың кедендік процедурасы жатады.

    4. «Тараптардың шартты бұзған кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ (ҚР АК-нің 403-бабының4-тармағы)

    Сонымен қатар, Келісімде де профильдік нормативтік-құқықтық актілерде де алынған преференцияларды, олардың ақшалай баламасын тіпті де «қайтарудың» негіздемелеріне немесе механизміне қатысты нормалар жоқ.

    «Жеңілдіктер алу» бюджеттен бөлінетін нақты транштарға немесе субсидияларға мүлдем барабар болған жоқ, «ақшалай қаражатты қайтару» туралы пікірталас үшін негіздеме беретіндей ол преференциялар ақшамен алмастыруға берілмеген.

    5. Жеңілдіктерді «мақсатсыз түрде» пайдалану «сонымен мемлекетке зиян келтіру» сияқты физикалық тұрғыда мүмкін емес.

    Дау жағдайларының контекстінде мемлекетке шығын келген жоқ: инвестициялық жобаны тікелей бюджеттеу болғанымен, преференциялар мүлдем басқа механизмдермен жұмыс істейді.

    ҚР АК-нің 9-бабының4-тармағына сәйкес «оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi.

    Залалдарды өндіру туралы істер бойынша дәлелдеу мәніне залалдар келтіру фактісі ретінде осыған залал келтірушінің кінәсі де залал келтірушінің әрекеттері мен жәбірленуші тұлғаның залалдары арасындағы байланыс та кіреді. Сонымен бірге, Министрлікке де ешқандай басқа мемлекеттік органға да Келісімнің әрекеттерімен байланысты ешқандай шығындар келген жоқ, Қоғамның пайдасына ешқандай ақшалай транштар жүзеге асырылмаған, ешқандай ақшалай қаражат аударылмаған.

    Сонымен бірге, «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы төлеген салық төлемдерінің жалпы сомасы 525 млн.АҚШ долларының баламасынан асып түседі, ол мәлімделген талап арыз талаптарының сомасынан өлшемсіз жоғары.

    6. Министрлік тиісті талап қоюшы болып табылады.

    Кедендік декларациялау және салықтық алымдар басқа уәкілетті органдардың құзыретіне жатқызылған. Одан басқа, қосылған құн салығына және кедендік алымдарға арналған салықты салық төлеушіге қосымша есептеуге байланысты дау мәні бойынша азаматтық заңнаманың нормалары негізінде шешілмейді. Жауапкерден республикалық бюджетке салықтар мен баждарды өндіріп алу туралы өздерінің талаптарының негіздемесі ретінде Министрлік талап арызда ҚР Азаматтық кодексінің 284-бабының2-тармағына сүйенеді, алайда, ҚР АК-нің 1-бабының4-тармағына сәйкес бір тараптың басқа тарапқа әкімшілік немесе өзге де биліктік бағынысына негізделген мүліктік қатынастарға, соның ішінде салықтық және басқа бюджеттік қатынастарға азаматтық заңнама қолданылмайды. Салықтар мен кедендік баждарды қосымша есептеумен байланысты мәселелер салық және кеден заңнамалары аясында ғана шешіле алады, оларда салықтық және кедендік міндеттемелердің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына арналған барлық негіздемелер қарастырылған.

    Жоғарыда қысқаша баяндалған дәлелдер 2020 жылдың 7 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының МАЭС-на жолданған «АЗИЯ АВТО»АҚ пікірінде толық көрсетілген. Соттың иелігіне кәсіпорынның қаржылық есеп беруі, кеден декларациялары мен өндірістік қуаттардың құрылысына арналған шығындардың түсіндірмелерін қоса алғанда, жан-жақты материалдар тапсырылған. Сот істің барлық жағдайларына тиісті баға береді және негізді және әділ шешім шығарады деп есептейміз.

    Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласының МАЭС кезекті рет Министрліктің талап арызы бойынша істі іс жүргізуге соттылығы туралы ережелерді бұзушылықпен қабылдағанын өкінішпен атап өтуге мәжбүрміз.

    2020 жылдың 8 желтоқсанында «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамы қарастырылып жатқан істің аумақтық соттылығын өзгерту туралы тиісті өтініш берген. Істі Нұр-Сұлтан қаласының МАЭС-нан Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы сотқа беру үшін бес негіздеме келтірілген. Атап айтқанда, Келісім бойынша міндеттемелердің орындалу орыны кәсіпорын өндірістік қуаттардың құрылысын жүргізіп жатқан ШҚО болып табылады. Жауапкердің орналасқан жері де ШҚО болып табылады.

    Ұсынылған дәлелдемелерге қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының МАЭС судьясы М.М. Сембин мырза Осы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы Анықтама шығарған, онда біздің дәлелдемелеріміздің бір де бірі мәні бойынша қарастырылмаған. Бас тартудың негіздемесінде судья тек қана Басқа азаматтық іс жөніндегі соттылық туралы дау жөніндегі соттың анықтамасына ғана сүйенген. «АЗИЯ АВТО» АҚ аталған Анықтамаға жоғарғы сот инстанциясына шағымдануға ниетті.

    ҚР ИИДМ-нің «АЗИЯ АВТОҒА» талап арызы бойынша барлық талқылау материалдары қоса берілген. Тараптар арасындағы дауға қатысы бар кейінгі құқықтық актілер мен өзге материалдар ашық пайдалануға жарияланады.



    Владимир Шевченко, «АЗИЯ АВТО» АҚ өкілі:

    — Белгілі болғандай, «АЗИЯ АВТО» АҚ мен ҚР ИИДМ арасында Өндірістік құрастыру туралы келісім жасалған болатын. Оның талаптары 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде жаңа қуаттарды іске қосуды қарастырған. Төтенше жағдай режимі кезеңінде, 2020 жылдың 11 сәуірінде Министрлік бізге Қосымша келісімнің біртарапты бұзылғаны туралы хабарлама жолдаған. Соның нәтижесінде өндірістік құрастыруды іске қосу мерзімі 2019 жылдың 1 желтоқсанында деп кері шегерілген.

    Министрліктің наразылықтары Қосымша келісімнің екінші кезектегі тармақтарына ғана қатысты болған. Оның жобасы Министрліктің өзінің күшімен әзірленгенін атап көрсетеміз. Жауап хатта біз бірден осы тармақтарды ИИДМ үшін қолайлы редакцияға өзгертуді ұсынғанбыз. Нәтижесінде дау мәнінің жоқтығынан аяқталған болатын. Алайда Министрлік бұл ұсыныстан бас тартқан.

    Осыдан кейінгі оқиғалар әрине, Министрліктің әрекеттерінің мақсаты кәсіпорынның қызметін толық тұралату, оны банкроттық жағдайына әкелу болып табылған деп болжауға негіздеме береді. Кез келген тәсілмен, біз көріп отырғандай, тіпті әділетсіз тәсілмен. Министрлік жариялаған талап арыздың астрономиялық сомасы оның мазмұны сияқты мағынасыздыққа тең екендігін талап қоюшының әрекеттерінің сарындары растайды.

    Келісімнің бұзылуына сүйене отырып, ҚР ИИДМ 2012-2020 жылдар кезеңіндегі импортқа және кедендік баждарға арналған ҚҚС бойынша алынған жеңілдіктер мен преференциялардың сомаларын өндіріп алуды талап етеді. Осы әрекеттері заңды ма?

    Жоқ. Салықтар мен баждарды қосымша төлеу туралы мәселе басқа уәкілетті органның құзыретінде болғандықтан, заңды емес. Алайда Индустрия министрлігі фискалдық ведомствоның функциясын өзіне алып және азаматтық тәртіппен қосымша есептелген салықтарды «залал» түрінде өндіріп алуға тырысып отыр. Ол жарияланған талап арыздың ең маңызды «қиыспаушылығы» емес.

    Әңгіме мынада, «АЗИЯ АВТО» Келісімге негізделген ҚҚС мен баждар бойынша преференцияларға арналған құқықтарды ешқашан пайдаланған емес. Кәсіпорын ЕАЭО-тың кеден заңнамасында қарастырылған басқа анағұрлым тиімді механизмдерді пайдаланған. Атап айтқанда, «бос қойма» режимін пайдаланған. Және сондықтан Келісімде қарастырылған осыған ұқсас жеңілдіктердің сомасы талап етілуі мүмкін емес.

    Сондай-ақ ИИДМ өзіне түсініктемелермен қиындық келтірмей, «АЗИЯ АВТОҒА» «автоқұрастырушылардың мақсатсыз пайдаланылуын» таңып отыр. Министрліктің осы тұжырыммен нені меңзеп отырғаны жұмбақ. Әкелінген барлық автоқұрастырушыларды зауыт тек автомобильдер өндіру үшін пайдаланды ғой. Кәсіпорын жұмыс істеген кезеңнің барлығында біз мемлекеттік органдардан осыған байланысты наразылықтары бар бір де бір хабарлама алған жоқпыз.

    Істі қарау нәтижесі бойынша заңды және негізді шешім шығарылады деп үміттенеміз. Дегенмен, соттың талқылауға дайындық кезеңіндегі әрекеттері бұған айтарлықтай күмән туғызады. Сонымен, Нұр-Сұлтан қаласының МАЭС кезекті рет соттылық ережелерін бұзушылықпен істі іс жүргізуге қабылдады.

    Сот процестерінің жариялылығы Қазақстан Республикасындағы сот төрелігін жүзеге асыру принциптерінің бірі болып табылады. Сондықтан біз сарапшылар қауымдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Индустрия министрлігі мен «АЗИЯ АВТО» арасындағы даудың барысын мұқият бақылауды жалғастыруға шақырамыз.

    Жаңалықтар мен оқиғалар