You are here

«АЗИЯ АВТО» мен «POSCO DAEWOO Corporation»: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

    «АЗИЯ АВТО» мен «POSCO DAEWOO Corporation» автокомпоненттерді жеткізу өндірісін қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Бүгін «POSCO DAEWOO Corporation» вице-президенті Чае Чин Ю мырза мен «АЗИЯ АВТО» президенті Ерик Сагымбаев тиісті келісімге қол қойды.

    Кореяның «POSCO DAEWOO Corporation» жетекші сауда компаниясы мен «АЗИЯ АВТО» зауыты өскемендік кәсіпорын конвейеріне автокомпоненттерді жеткізуді ұйымдастыруда ынтымақтастықты нығайтуда. «POSCO DAEWOO Corporation» KIA автомобильдерін шығару үшін $7,5 млн. лимитпен компоненттерді жеткізуде несиелік қаржыландыруды қамтамасыз етпек. Мәміле Кореяның K-SURE мемлекеттік сараптамалық-сақтандыру агенттігінің қолдауы бойынша іске асырылмақшы.

    «POSCO DAEWOO Corporation» автоөндіріс және автокомпоненттерді жеткізу жөніндегі вице-президенті Чае Чин Ю (Chae Chin Yoo) мырза:

    «АЗИЯ АВТО» — біздің бұрыннан бері келе жатқан серіктесіміз. 2010-2014 жылдары зауытпен бірлескен жұмыс өте табысты болды. «POSCO DAEWOO Corporation» кореялық офисімен қатар Өскеменде автокомпоненттерді жеткізуді қаржыландыруға Германия, Италия, Малайзия, Сингапур, Япония және АҚШ-ғы біздің бөлімшелер де қосылды.

    Дегенмен, 2015-2016 жылдары Қазақстанның экономикасына және автокөлік нарығына кері әсерін тигізген дағдарыс біздің ынтымақтастықты одан ары дамытуға кедергі келтірді.

    Қазақстандық автоиндустрия бүгінгі күні құлдырау нәтижесінде келтірілген салдарын жоспарлы түрде жеңіп келеді және де біз саланы қалпына келтірудің жаңа кезеңіне қатысатынымызға өте қуаныштымыз. Қазақстанның ең ірі автоөндірушісімен «POSCO DAEWOO Corporation» компаниясының бірлескен серіктестігі арқасында осы жобаның жедел іске асатындығына сенімдімін.

    «АЗИЯ АВТО» Президенті Ерик Сагымбаев:

    Біз «POSCO DAEWOO Corporation» компаниясындағы және K-SURE сараптамалық агенттігіндегі серіктестеріміздің сенімін жоғары бағалаймыз. Қазақстан нарығының жағдайы бізге жаңа қадам жасауға мүмкіндік береді. Сұраныс 14 ай бойы оң динамиканы көрсетіп отыр, отандық автоөндіріс көлемдері 2015 жылдың басындағы деңгейге дейін қалпына келтірілді. Сонымен қатар, қазақстандық автомобильдер сатылымы нарықтық динамикадан бірнеше есе артық. Бұл өсімнің негізгі драйвері — «АЗИЯ АВТО» болып табылады — зауыт жылдың басынан бастап қазақстандық автокөлік өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің 64%-ын қамтамасыз етті.

    «POSCO DAEWOO Corporation» біздің қаржы серіктесіміз ретінде KIA автомобильдерін шығаруды ұйымдастыруға көмектеседі. Қазақстандық тұтынушы үшін бұл жақсы жаңалық, себебі кореялық бренд — нарық бестселлерлерінің бестігі қатарына кіреді.

    2018 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындылары бойынша «АЗИЯ АВТО» конвейерінде автокөлік шығарылымы өткен жылғы көрсеткіштерден 68%-ға артып, 5,9 мың бірлікке жетті. Кәсіпорын түсімі 19,9 млрд теңгені құрады, ол 2017 жылдың осы кезеңінің көрсеткіштерінен 65%-ға жоғары.

    Жаңалықтар мен оқиғалар