You are here

«АЗИЯ АВТО» Жыл Қорытындыларын Алдын Ала Жинақтады

    9 желтоқсан күні «АЗИЯ АВТО» қазақстандық автокөлік құрастыру зауыты өзінің 16 жылдық қызметін атап өтті. Осы күн қарсаңында отандық автокөлік өнеркәсібі тарихындағы бірінші кәсіпорын командасы осы жылдың қорытындыларын жинақтауда.


    АЗИЯ АВТО" АҚ Президенті Ерік Сағымбаев
    АЗИЯ АВТО" АҚ Президенті Ерік Сағымбаев

    АЗИЯ АВТО" АҚ Президенті Ерік Сағымбаев:

    Өткен жыл «АЗИЯ АВТО» үшін және жалпы сала үшін жемісті жыл болды. Біздің конвейерде 14 жаңа және жаңартылған модельдер пайда болды. Зауыттың және қазақстандық автокөлік өнеркәсібінің нарықтық үлесі жалпы алғанда рекордтық белгіге жетті: бүгінгі күні жаңа жеңіл көлік сатып алатын әрбір үшінші қазақстандық «АЗИЯ АВТО»-ның модельдерінің бірін таңдайды. 2019 жылы кемінде төрт брендтің 6 моделі модельдер желісін толықтырмақ.

    Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша кәсіпорынның өнімділігі және ЖІӨ-не үлесі екі есеге артты. Автокөлік шығарылымы 60%-ға ұлғайды. Зауыт 18 мың автокөлік белгісінде жылды аяқтайды. 2019 жылдың соңына қарай біз 30 мың бірлік автокөлік жөнелтуді жоспарлап отырмыз.

    Белсенді жұмыс атқару бізге әлеуметтік міндеттемелерді де арттыруға мүмкіндік береді. Бір жыл ішінде біз кәсіпорын штатын 19%-ға кеңейттік және орташа еңбекақы деңгейін 20%-ға, яғни 221 мың теңгеге көтердік.

    16 жыл бұрын болғандай, «АЗИЯ АВТО» салада № 1 кәсіпорын болып қалмақ: зауыт конвейері отандық автокөлік өнеркәсібі шығарылымының бестен үшін құрайды. Қолданыстағы қуаттылықтарды жаңаландыру және жаңа қуаттылықтар салу, өндірістік процесті цифрландыру, «іске қосылған автокөліктер» желісін кеңейту — осы жоспарлар 2019 жылы кәсіпорынның нарықтық және технологиялық көшбасшылығын нығайтуға мүмкіндік береді.



    Сала түзуші қуаттылықтар

    2018 жылы қазақстандық индустрия 2014-2016 жж. нарықтық құлдыраудан кейін жоспарлы қалпына келтіруді жалғастырды. Жылдың басынан бастап республикада автокөліктерді шығару 72%-ға артты. 10 айдың қорытындылары бойынша саланың ЖІӨ-ге қосқан үлесі 45%-ға артып, 163 млрд теңгеге жетті. Автокөлік өнеркәсібі шикізаттық емес сектордағы ең қарқынды дамушы саладағы көшбасшы атағына қайта ие болды.

    «АЗИЯ АВТО» өскемендік автоқұрастыру зауыты осы процестің қозғаушы күші болып табылады. Толық емес жылдың қорытындылары бойынша кәсіпорын конвейерінен Қазақстан аумағында шығарылған бүкіл автокөліктердің бесеуінің үшеуі кәсіпорын конвейерінен шығарылған. Қаңтар-қарашада зауыт 16,8 мың автокөлік жөнелтті, бұл былтырғы көлемдерден 60%-ға артық. Кәсіпорынның ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2,2 есеге өсіп, 84,7 млрд теңгеге жетті.

    «АЗИЯ АВТО» өнімділік критериі бойынша да көшбасшылар қатарында. Аталған көрсеткіштерді өткен жылы екі еседен артық мөлшерге арттыра алды. Қосылған құн бойынша өнімділік бір еңбеккерге 42 млн теңгеден артты.

    «АЗИЯ АВТО» қызметінің бүкіл кезеңі ішінде зауыт конвейерінен 146 мың автокөлік шығарылды. Өндірістік қуаттылықтарды құруға «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» холдингі $117 млн жеке қаражатын жұмсады. Тағы $372 млн Қазақстан мен Ресейдің 35 қаласында қазақстандық автокөліктерді сату және қызмет көрсету инфрақұрылымын құруға бағытталған. «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» тобының жиынтық салық төлемдері оның жұмыс кезеңінде 90 млрд теңгеге жетті.


    Қазақстандық нарық бестселлері, LADA Vesta «АЗИЯ АВТО» конвейерінде
    Қазақстандық нарық бестселлері, LADA Vesta «АЗИЯ АВТО» конвейерінде

    Өсіп келе жатқан сұранысқа лайық болу

    Бүгінгі күні қазақстандықтардың «АЗИЯ АВТО» АҚ ұсыныстарына қызығушылықтары бұрынғыдан да жоғары. Сатылым динамикасы нарықтық өсім қарқынынан айтарлықтай озық: 2018 жылдың тек 11 айының қорытындылары бойынша республиканың 15,4 мың тұрғыны өскемендік өндірістің модельдеріне өз таңдауын жасады, бұл былтырғы жылға қарағанда 36%-ға артық. Зауыттың нарықтық үлесі қазан айында 33%-ға тарихи жоғары көрсеткішке жетті: елімізде сатып алынған әрбір үшінші жаңа автокөлік «АЗИЯ АВТО» жұмысшыларының қолымен жиналған. Қазақстанда ең жақсы сатылатын бес машинаның ішінде үшеуі «АЗИЯ АВТО» конвейерінде шығарылады.

    «АЗИЯ АВТО» командасы шығарылатын техника портфелін қарқынды кеңейту арқасында осындай нәтижелерге қол жеткізе алды. Мәскеулік автосалонда болып өткен тұсаукесерден кейін Өскемен қаласында жаңа LADA Granta-ның шығарылымы басталды. Зауыт УАЗ брендінің 6 моделін құрастыруды игерді. Конвейерде KIA-ның бес моделінің жаңартылған нұсқалары ұсынылды: Picanto хэтчбегі, Cerato және Optima седандары, Sportage және Sorento жол талғамайтын көліктері. Сондай-ақ, жаңа KIA Stinger кроссовері кореялық брендтің модельдік қатарын толықтырды. Skoda Kodiaq кроссоверін ұнатушылар Sportline нұсқасына қол жеткізе алатын болады.

    Зауыт инженерлері жасап шығарған AZIA TRAIL тіркемелерінің желісі төрт модификацияға дейін кеңейтілді.


    2018 жылдың жаңа модельдердің бірі — спортттық KIA Stinger седаны — «АЗИЯ АВТО» сынау және техникалық бақылау учаскесінде
    2018 жылдың жаңа модельдердің бірі — спортттық KIA Stinger седаны — «АЗИЯ АВТО» сынау және техникалық бақылау учаскесінде

    Цифрландыру көшбасшысы

    Бүгінгі күні «АЗИЯ АВТО» кеңес дәуірінен кейінгі кезеңде цифрландыру саласында автокөлік өнеркәсібі кәсіпорындары арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. 2017 жылы зауыт ТМД-да бірінші де алғашқы болып сериялық режимде «іске қосылған автокөліктер» технологиясын енгізуге кірісті. Өскеменде шығарылатын LADA автокөліктері жабдықталған BIPEK Contact зияткерлік жүйесі көлік иесіне смартфонның көмегімен жеке көлігін қашықтықтан басқаруға, оның техникалық жағдайы мен басқа да бірқатар параметрлерін қадағалауға мүмкіндік береді. Алдағы жылы KIA, Skoda және УАЗ брендтерінің желісі BIPEK Contact телематикалық жүйесімен жиынтықталатын болады.

    «АЗИЯ АВТО» командасы өндірістік процестерді дигитализациялау бойынша тағы да бір ауқымды жұмыс атқаруда. Өндірістік тізбектің барлық элементтері — құрамдас бөлшектерді ілгері жылжытуды басқарудан бастап қаржылық жоспарлауға дейін 100%-ға автоматтандырылатын болады.

    Басымдылық: өндіріс аумағын кеңейту

    Автокөлік өнеркәсібі кластерін іске қосу қазақстандық автокөлік өндірісін дамытудың жаңа кезеңі болмақ, «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» холдингі Өскемен қаласындағы жаңа алаңда оның құрылысын жүргізуде. 523 гектар аумақта толық циклді қуаттылықтар, сондай-ақ автокомпоненттерді шығару бойынша технопарк орналастырылмақшы.

    2018 жылдың 4 шілдесі күні кәсіпорын алаңында автокөлік шанағын дәнекерлеу және сырлау цехтарының құрылысы іске кірісті. Ағымдағы кезеңде «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» холдингі жобаға $68 млн жеке қаражатын жұмсады. Салынып жатқан өндірістік кешеннің роботталған жабдықтарды жеткізушілері өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерінің ғаламдық нарығында көшбасшылық қатардағы италиялық концерндер.

    Технологиялық серіктес және жоба акционері Renault-Nissan-Mitsubishi альянсымен қол жеткізген келісімдер арқасында — жаңа қуаттылықтар отандық экономиканың шикізаттық секторында ең ірі экспортқа бағытталған өндіріс және Қазақстан тарихында ауқымды машина жасау өндірісі болмақ.


    Бүгінгі дәнекерлеу және сырлау өндірісінің құрылыс алаңы
    Бүгінгі дәнекерлеу және сырлау өндірісінің құрылыс алаңы

    Жаңалықтар мен оқиғалар