You are here

«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» 500 000 автокөлік сатылымын атап өтуде

    500 000 сатып алушының әрқайсысы жарты миллион теңгенің иегері болуы мүмкін

    «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» сатылымы 500 000 автомобиль межесін еңсерді. 1992 жылдан бастап жарты миллион қазақстандық республикамыздың ең ірі автокөлік холдингінің ұсыныстарына өз таңдауларын жасады. Осы оқиғаның құрметіне компанияның жарты миллион клиенттің ішінен әрбір адам, сондай-ақ жаңа сатып алушылардың 500 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық алу мүмкіндігі бар. Өзіңнің автокөлік сатып алған кездегі оқиғаңды айтсаң жеткілікті. Акция қаржы серіктесі — «Цесна» корпорациясының қолдауымен өткізіледі және үш аптаға созылады.

    «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» желісінде сатылған автокөліктер саны қомақты 500 000 белгісіне жетті. Қазақстанның ең ірі автокөлік компаниясының 26 жылдық жұмыс кезеңі ішінде саны жарты миллион сатып алушылар LADA, ŠKODA, Chevrolet, KIA, UAZ және Renault брендтерінің ауқымды желісіне өз таңдауларын жасады.



    Бүгінгі күні қазақстандықтар «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО»-ның 20 филиалында күн сайын жарты жүз автокөлік сатып алады. Елімізде жеңіл автокөліктердің бүкіл үштен бір бөлігі компанияның автоорталықтарында сатылады. Қазақстандық өндірістің автокөліктерінің 56%-ы «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» филиалдарында сатылады.



    Компанияның аймақтық инфрақұрылымын жоспарлы түрде дамыту нәтижесінде республиканың шағын қалаларының тұрғындары — Екібастұз бен Талдықорғаннан бастап Ақтау мен Қостанайға дейін өркениетті сатып алу және заманауи қызмет көрсетуді пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Автоорталықтар құруда «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» инвестициялары $339 млн-нан артып, 5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ұжым жұмысы республика бюджетіне салық түрінде 93 млрд теңге түсімді қамтамасыз етті.

    Филиалдардың ерекше тармақталған желісі, өзекті тұсаукесерлер, сатып алу мен сервистің тартымды шарттары компанияға Қазақстан нарқында тұрақты көшбасшысы мәртебесін қамтамасыз етеді. Сату желісі қызметінің ауқымы холдингке елімізде бірінші автокөлік өндірісін құруға мүмкіндік жасады. Бүгінгі күні «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» отандық автокөлік өнеркәсібін 50%-ға дейін шоғырландыруды ұлғайтуға және саланың экспорттық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін автокөлік өнеркәсібі өндірісінің құрылысын жүзеге асыруда.

    Қазақстандық автокөліктерді Еуразиялық одақтың басты нарығына жеткізуге қажетті инфрақұрылым құрылды: 2015 жылдан бастап компания Ресейдің 15 қаласында 20 автоорталықтан тұратын жеке желісін ашты. Осылайша, «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» ЕАЭО нарығына шыққан автокөлік секторындағы алғашқы қазақстандық компания атағына ие болды. Холдинг сала бейнесін өзгерте отырып және қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер аша отырып, қарқынды дамуды жалғастыруда.

    Константин Лобанов,

    «БИПЭК АВТО Казахстан» коммерциялық директоры:


    Константин Лобанов, коммерческий директор «БИПЭК АВТО Казахстан»
    Константин Лобанов, «БИПЭК АВТО Казахстан» коммерциялық директоры

    Біз «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» үлкен жанұясының бір бөлшегі болып отырған жарты миллион қазақстандықтардың әрқайсысына алғыс айтамыз. Әр автомобиль — бұл жеке тағдыр, бұл әр адамның қайталанбас тарихы. Сондықтан, біз өз сатып алушыларымызға «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО»-дан автокөлік сатып алған өзінің бірегей оқиғасымен бөлісу мүмкіндігін ұсынуды жөн көрдік. Біздің серіктесіміз — «Цесна» корпорациясымен — біз ең мазмұнды оқиғамен бөліскен сатып алушыны 500 000 теңге сыйлықпен марапаттаймыз. Сондай-ақ, алдағы үш апта ішінде көлік сатып алған жаңа клиенттер де 500 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық ұтыс ойынына қатыса алады.

    Компания филиалында бір кездері автокөлік сатып алған «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» клиенттерінің әрқайсысының «Жарты миллионға 500 000 оқиға» конкурсына қатысу мүмкіндігі бар. Әр апта сайын автокөлік сатып алу туралы ең үздік әңгіменің авторлары 500 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықпен немесе сол сомаға трейд-ин бағдарламасы бойынша автокөлік сатып алуға арналған сертификатпен марапатталатын болады. Оқиғалар компания сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

    Сонымен қатар, «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» желісіндегі жаңа автокөлікті сатып алушылардың барлығы жуырдағы үш апта бойы 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың ұтыс ойынының қатысушысы бола алады.

    Акция компанияның қаржылық серіктесі — «Цесна» корпорациясының қолдауымен өткізіледі.

    Жаңалықтар мен оқиғалар