You are here

«БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» РЕСЕЙ НАРЫҒЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ ПОЗИЦИЯСЫН РАСТАЙДЫ

    Холдинг № 1 LADA делдалының және АВТОВАЗДЫҢ ең ірі серіктесі статусымен бірінші жартыжылдықты аяқтады

    2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызмет қорытындылары бойынша «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» холдингі Ресей Федерациясының 12 қаласында 5 868 жаңа жеңіл автомобиль сатты. Ресей нарағында LADA бренді делдалдарының жиынтық сатудағы топтың үлесі 5,1%-ға жетті. Осылайша, «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» РФ аумағындағы АВТОВАЗДЫҢ ең табысты серіктесі статусын растады.

    2020 жылғы қаңтар-маусымда «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» холдингінің Ресей бөлімшесі 5 868 жеңіл автомобиль сатты. Олардың ішінде 5 693 автомобильді LADA желісінің модельдері құрады. Автомобиль нарағында тұтынушылық сұраныс айтарлықтай түскенде РФ холдингі сатуды жоғарғы деңгейді сақтап қалуға және LADA брендінің Ресей делдалдарының жиынтық сатудағы 5,1% үлесіне қол жеткізді.

    Осы көрсеткіш Ресей нарығында жұмыс істейтін АВТОВАЗДЫҢ 300 серіктесі арасында қайтадан ең үздік болды. Холдингтің тұрақты көшбасшылығын тиімді менеджмент қана емес, анағұрлым тармақталған өңірлік инфрақұрылым да қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні Ресейдің 12 қаласында жалпы алаңы 96 мың ш.м. 19 автоорталық жұмыс істейді.

    Қатысты өңірлерде LADA сатылымының құрылымындағы компанияның жиынтық үлесі жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 32%-ды құрады. «АЗИЯ АВТО ӨСКЕМЕН» брендімен аталатын өз сервистік-тұрмыстық желіміз 8 өңірде: Санкт-Петербург қаласында, Тюмень, Новосибирск, Кемеров, Омск, Курган облыстарында және Алтай өлкесінде бар.

    Пандемияның әсер етуіне және валюта секторындағы тұрақсыздыққа қарамастан, LADA есеп берілетін жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 22,9%-ға дейін нарықтық үлесті күшейтуге қол жеткізді (бір жыл бұрынғы 21,4%-ға қарсы). АВТОВАЗ ҚР нарығындағы № 1 өндірушінің дәстүрлі позицияларын нығайтуды жалғастыруда.

    Саланың көшбасшысы Қазақстанның аумағында да одан кем емес тұрақты жағдайды көрсетуде: жартыжылдықтың қорытындылары бойынша LADA қайтадан 22,7% ең үздік нарықтық үлесі бар бренд-бестселлерлердің тізімінде бірінші қатарды иеленді. Маркіні сату 8%-ға өсті. Ағымдағы жылғы маусым Қазақстанда маркіні сатудың аяқталған 5 жылы ішіндегі ең нәтижелі ай болды (2 545 автомобиль сатылған).

    Айдар Мендыбаев

    Айдар Мендыбаев, РФ аумағындағы «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» делдалдық желісінің басқарушы директоры:

    Жылдың бірінші жартысы автомобиль нарығының жаңа тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» Ресей желісі осы беріктікті тексеруге лайықты төтеп берді. Маусымның қорытындылары сұраныстың әрі қарай қайта қалпына келетіндігіне сенім ұялатады: аяқталған айда біздің сатылымдарымыз сәуірдегі соңғы нүктеге қарағанда екі есеге артты және ақпандағы дағдарысқа дейінгі деңгейге жақындады.

    Ресей нарығындағы «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» қызметінің бесжылдық кезеңінде біз 75 мыңнан астам автомобиль саттық. Эпидемиологиялық жағдай бізге ағымдағы жылы белгіленген өсу траекториясына қайта оралуға мүмкіндік береді деп есептейміз.

    Қазақстанның шегінен тыс ретейл инфорақұрылымын дамыту — холдингті дамытудың шешуші векторы. Атап айтқанда экспорттық мүмкіндіктер Өскемен қаласында салынып жатқан өндірістік қуаттардың жүктемесін қамтамасыз ете алады.

    Ресей аумағындағы холдингтің қызметін «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ Қазақстан акционерлік қоғамына тиесілі «АЗИЯ АВТО ӨСКЕМЕН» ЖШҚ жүзеге асырады.

    Ресей аумағындағы қолданыстағы автоорталықтар желісі Өскемен қаласындағы толық циклді автоөндіріс кластерінің экспорттық инфрақұрылымының негізі болып жұмыс істейді. 2020 жылғы шілдеде холдингтің акционерлері инвестициялық жоспарды бекітті, ол 2021 жылы шанақтарды пісіру мен бояу қуаттарын іске қосуды қамтамасыз етеді.