You are here

BIPEK Contact

    BIPEK CONTACT — автомобильді басқаруға, бақылауға және көлік иесімен екі жақты байланыс жасауға арналған бірыңғай платформаға қосуға мүмкіндік беретін таңдаулы кластың автомобильдік күзет жүйесі. Жүйенің арнайы блогында командалар мен мәліметтер беруге арналған GSM және GPRS қосуды қамтамасыз ететін SIM карта орнатылған. Жүйе автомобиль иесінің смартфонында орнатылған «BIPEK Contact» бір аттас ұялы қосымшасының көмегімен автомобильді күзету режимін, қозғалтқышты қашықтықтан және автоматты іске қосуды басқаруға мүмкіндік береді. Ұялы қосымшада басқару функцияларынан бөлек келесі ақпарат көрсетіледі:

    • қозғалтқыштағы және салондағы ағымдағы температура;

    • отын деңгейі;

    • аккумулятор батареясындағы заряд деңгейі;

    • интерактивті карталарға байланыстыру арқылы автомобильдің тұрған орны;

    • көрсетілген мерзім ішіндегі жүрілген жолдардың трек-бағыттары;

    • бір күннің статистикасы (жалпы және орташа отын шығыны, жүрілген қашықтық, жүргізу индексі, скоринг тәуекел және т.б.);

    • қозғалтқышты автоматты іске қосу параметрлері;

    • жүйелі датчиктердің сезімталдығын реттеу.

    Сондай-ақ, автомобиль иесі де жеке тұлғаларға арналған жүйенің web порталында толықтай статистиканы, оқиғалар тарихын және жүрілген бағыттарды көре алады.

    Заңды тұлғалар үшін арнайы интернет портал қарастырылған, ол жерде көлік иесі өзінің автопаркінде мәліметтер мен әр автомобильді пайдалану статистикасын көре алады.

    БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО компаниялар тобы BIPEK Contact жүйесінің өнеркәсіптік сынақтарына 2017 жылғы қарашада кірісті.