You are here

Кепілдіктер

       

    Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, автомобильдің кемшіліктері тұтынушы пайдалану, тасымалдау, сақтау, үшінші тұлғалардың қатысуы, жеңілмейтін күштер (өрт, табиғат апаттары және т.б.), өндіруші-зауыттың рұқсатынсыз немесе ТҚС кепілдіктерінсіз ақаулы үзіктерін жөндеу және бөлшектеу, автомобиль құрылысына өзгерістер енгізу және шынайы қосалқы бөлшектерді қолданбау салдарынан болмаса, кепілдік мерзімде тұтынушылар талаптарын қояды.

    Автомбильдерге кепілдік қызмет көрсету өндіруші-зауыт уәкіл техникалық қызмет көрсету өндірістерінде жүзеге асырылады.

    Кепілдік жөндеу немесе заңдылықта қаралған басқа да талаптарды көрсету барысында автомобильдің сатып алу мерзімін бекіту үшін ілеспе құжаттарды (сервистік кітапша, кепілдік талон) сақтауды Сіздерден сұраймыз. Өндіруші-зауыт өзінің бастамасы бойынша қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында кезектен тыс қарауға (жөндеу) құқылы.

    Сіздің талаптарыңызды қарау үшін автомобильді кәсіпорынға өткізу барысында кепілдік талонды, сервистік кітапшаны, және көлік құралын тіркеу жөніндегі куәлікті қоса өткізу қажет.

     

    Автокөліктерді кепілдік жөндеу мерзімі:
    LADA
    – 36 ай немесе 35  000 км жүргеннен кейін (қайсысы ертерек толады).
    Skoda
    - 24 ай, ал  жүргені шексіз.
    Chevrolet
    – 36  ай немесе 100 000 км жүргеннен кейін (қайсысы ертерек толады).
    KIA
    – 60 ай немесе 150 000 км жүргеннен кейін (қайсысы ертерек толады).

      Жекелеген құрамды бөлшектерге өндіруші өзге де кепілдік мерзімін қоюы мүмкін болады, оның жағдайлары сатып алу-сату шартында жазылады.

    Сервистік қызмет көрсету бойынша барлық сауалдарды Сіздің қалаңызда орналасқан "БИПЭК АВТО" филиалдарына жолдауларыңызды өтінеміз.