You are here

Компания туралы

    "АЗИЯ АВТО"АҚ

    "АЗИЯ АВТО" акционерлік қоғамы 2002 жылдың 20 желтоқсанында құрылды және алғашқы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бас кәсіпорын –автоқұрастыру зауыты Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында орналасқан. Қазақстанның барлық ірі қалаларында кәсіпорын филиалдары бар. 

    «АЗИЯ АВТО» кәсіпорнының мақсаты республикада бәсекелестікке төзімді және Қазақстан халқы мен таяу елдердің бір бөлігінің мұқтаждығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін автомобиль өндірісін құрастыру. "АЗИЯ АВТО" стратегиясы кезең-кезеңмен автомобиль кластерін қалыптастыру- автоқұрастыру зауытын құру; онда бояу және дәнекерлеу өндірісін ашу, сату желілерін және сервистік қызмет көрсетуді дамыту болып табылады. Зауыттың қалыптасуы Республикадағы өзара байланысты автобөліктер өндірісін, аккумляторлар, шиналар, әйнек, электртехникасы, метиздер және т.б. сияқты жиынтықтауларды мен қосалқы бөлшектер өндірісін ынталандыру. 
    "АЗИЯ АВТО" мақсаттары сондай-ақ Қазақстанның индустриалды-инновациялы стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған, өйткені елде жаңа өндіріс түрін құру анық экономикалық пайда ғана емес, сонымен қатар кең жұртшылық шеңберінің өмір деңгейін көтеру және жұмыспен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік пайдалар әкеледі, сонымен бірге кәсіпорынның қоғамдық өмірге қатысуына мүмкіндік береді.
    Кәсіпорын серпінді және бірізді дамып келе жатыр: құрылған сәтте зауыт тек қана автомобиль құрастыру сияқты негізгі қызметпен ғана айналысты. Өзінің даму барысында үш жылға да жетпей кәсіпорын сәндік доға, есілген электр сымдарын шығаруды игерді, қазақстанның барлық аймақтарында өзінің сату бойынша филиалдарын ашты, жеке инфроқұрылымын дамытты.
    Зауыттың басқа көзге түсер бағыты – орталық құлып, сигнализация, электрлі әйнек көтергіштер, парктроник (тар жерде автомобильді тұраққа қоюға көмектесетін электрондық құрылғы), аудиокомпоненттер сияқты автомобиль жиынтықтарын құрастыру болып табылады. Жиынтықтарды шығару зауыттың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана емес, Кедендік Одақ елдерінің сыртқы рыноктарында сатуға бағытталған. Бүгінгі күннің өзінде автомобильге арналған есілген сымдар өндірісі сертификатталған.
    Кәсіпорындық қызметтің үшінші бағыты шығарылатын автомобильдерге тюнинг дайындау. Бұл- алдыңғы және бүйірлік доғалар, қосалқы дөңгелектерді бекітуге арналған артқы доға. Олар тек қана автомобиль қызметін жақсартып қоймай, тұтынушылардың айтуына қарағанда «Ниваның» сырт бейнесін де жақсы өзгертіп, «АЗИЯ АВТО» өндірісі автомобилін неғұрлым агресивті және танымал болғызды. Кәсіпорында олардың сериялық өндірісі жолға қойылды. Тюнингтің барлық түрлері тіркелген техникалық шарттарға сай шығарылады.