You are here

LADA-ны жасап шығарушыларға арналған ескерткіш

    Наурыздың басында АВТОВАЗдың инжиниринг қызметінің негізгі корпусында зауыттың алғашқы бас конструкторы Владимир Соловьев пен аты аңызға айналған «Нива» (LADA 4×4) конструкторы Петр Прусовтың ескерткіш мүсіндерінің ашылу салтанаты болып өтті.

    Ашылу рәсіміне зауыт ардагерлері мен кәсіпорын басшылары: сыртқы байланыс және акционерлермен қарым-қатынас жөніндегі вице-президент Эдуард Вайно мен персонал және әлеуметтік саясат жөніндегі вице-президент Дмитрий Михаленко қатысты.

    Дмитрий Михаленко Владимир Соловьев пен Петр Прусовтың АВТОВАЗды қалыптастыру және дамыту жолындағы еңбектері туралы еске салып өтті, сондай-ақ осы атақты конструкторларға қойылған ескерткіш мүсіндер кәсіпорын басында тұрған барлық ардагерлеріне көрсетілген құрмет екендігін айтты .

    — Соловьев пен Прусов — нағыз автокөлік өнеркәсібінің майталмандары, олардың саланы дамытуға қосқан үлесі айрықша. Автокөлік құрастыруды дамыту саласын күн ілгері ондаған жылдар бұрын болжай отырып жасаған игі істеріне алғыс айтамыз. Зауыт еңбеккерлері, достарым мен әріптестерім осы көрнекті конструкторларға алғыс сөздеріме қосылады деп ойлаймын,- деп атап өтті Эдуард Вайно.

    Қазіргі уақытта Тольятти қаласындағы «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» холдингінің басшысы, АВТОВАЗ ардагері Владимир Пересыпкинский, Петр Михайловичтің алғашқы рет қазақстан автоөнеркәсібін құруда ерекше рөл атқарғандығын айтып өтті.

    — Петр Михайлович Прусов қазақстандық автокөлік жасау өнеркәсібінің негізін салушылардың бірі. Атақты конструктор қазіргі «АЗИЯ АВТО» зауытының орнын таңдауға көмектесті, Қазақстандағы әріптестеріне LADA 4×4 автокөлігін құрастыру ісінің дұрыс жолға қойылуына кеңес берді. Оның білімі, тәжірибесі және шүбәсіз беделі арқасында бұл жоба табыспен дамып келеді. Петр Прусов соңғы күндеріне дейін оның екінші «туған» зауыты болып кеткен кәсіпорынды дамытуға өз үлесін қосуды жалғастырып келді.

    Сондай-ақ, Петр Михайлович Өскемен қаласындағы толық циклді жаңа автомобиль зауытын тұрғызу жобасын іске асыруда белсенді қызмет етті.

    Жаңалықтар мен оқиғалар