You are here

Технологиялар

      Құрастыру жабдығы кешенінің негізіне автомобильдерді сынау мен техникалық үрдістерді құрастыруға қатысты барлық белгіленген талаптарды жоғары деңгейде қанағаттандыратын «ВАЛМЕТ АУТОМОТИВ» фирмасының қазіргі заманғы жабдығы алынды.
        Технологиялық көліктік жабдықтар ВАЗ-21093 автомобилдерін өндіріске шығаруға арналған және құрылысы басқадай жеңіл автомобильдерді игеруге икемді. Әмбебап құрастырылған жабдықтар және әлемге әйгілі өндірушілердің құралы конвейерлік түрде қолданылады. Өзіндік жоба орынды және қондырғылар болып келеді. ВАЗ-21213 автомобильдің түрлерін меңгеруге ШҚО-ның жергілікті кәсіпорындарында дайындалған, тендер бойынша таңдап алынған.
        Автомобиль құрастыру технологиясы мен ұйымдастыруының басқаруы барлық өндірістік пен сауда барыстарын байланыстыратын автоматизацияланған басқару жүйесі арқылы жүргізіледі. 


     

         Жабдықтарды тұтастандыратын цехтың іші кең, жарық және өндірістік тапсырмаларды орындауға өте қолайлы.


     

     


        

    Технологияны басқару және автомобилдерді шығаратын ұйым, барлық өндірістік және коммерциялық байланысты автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады. Қолайлы үдемелі түрде жабдықтар, заман талабына сай келетін конвейрлік құрастыруды ұйымдастыру, басты конвейірлік құрастыру болып табылады, жер үстінде тұратын толық құрастыру саласы және қапталған шанақ құрастыру ілуге арналған ілгіш конвейірлік құрастыру «Шиерхольц» фирмасы Германия. Сондай толассыз сала шанах биіктігін теру операциясы, жан-жақтан еркін кіруге, автомобильдің барлық бөлшектерін құрастыруға қамтамасыздандыруға жақсы мүмкіндік береді.

     

     

     

     Құрастырылған айналмалы сала, қапталған шанақ бөлшектерін құрастыруын жоғарлатуға, шанақтың астындағы механикаландырылмаған операцияны қолмен орындауға немесе құрастырушының еркін жұмыс істеуіне қолайлы. Барлық ауыр салмақты түйіндермен агрегаттарды біріктіруге «Demag», «Humo» Германия фирмасының ілуге арналған ілгіш және жерден жүк көтергіштердің көмегімен іске асырылады. Автомобиль жүйесін ауамен толтыру және олардың саңылаусыздығын бақылау «A Cramkow» фирмасы аз көлемді және жоғары өндірістік вакумды жабдығы арқылы жүзеге асырылады.

     


    Шанақ пен бөлшек бетіне желім маайлау, тығыздалған герметикалық қою желім жағу үшін Швейцариялық «Caro» фирмасының тұтқыр материалдарынан жасалған қазіргі заманғы су тартатын аспап (насос) түрлері қолданылады. Насостар жеңіл іске қосылып материалмен үздіксіз қамтамасыз етіп отырады. Олардың құрылысы пневматикалық двигательдің ластануының алдын алады және материал мөлшерін дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Насостар тығыздалған ауаның жалпыға ортақ магистралінен бастап бас конвейрдің кез келген жерінен іске қосылуы мүмкін.
      Қазіргі заманғы автомобильдерде көп мөлшерде пластмассалық және резеңке бөлшектері пайдаланылады. Бөлшектерді құрастыру күшті аз жұмсау үшін және орнату оларға зақым келтірмеу мақсатында бөлшектерді инфрақызыл қыздырғыштары бар мобилді пештерде жылытып алады. Пештердің құрылысы бөлшектерді орнықтыру мен қайта шығарып алу кезінде, олардың зақымдануынан сақтап қалады. Жұмыс істеу барысы қолайлы болу үшін және бөлшектер құрылысына қарай пештер аспалы және жер үсті түрінде жасалынған.
      Көліктердің легін қысқарту үшін, алаңдар көлемін үнемдеу мақсатында жинастыру операциялары құрастыру саласы төңірегінде тікелей орналастырылады және сол жерде осы бөлшектерді құрастыру жұмысы жүргізіледі. Жинастыру арнайы құрал мен жабдықты пайдалану арқылы орындалады.

     


     

         Жинастыру орында құрастырушыға жұмыс істеуге өте қолайлы жағдай туғызатындай етіп жасалған, комплектілерін және жинастырылатын түйіндер үшін көлемді сөрелермен жабдықталған.
     Оймалық қосылыстарды біріктіруі айналасынан қол жұмыстарының өнімділігі мен эргонамикалығы Швециялық «Atlas Copco» фирмасының қазіргі заманғы механикаландырылған құралы арқасында жоғарылады. Бұл – жетекші әлемдік өндірушілердің кәсіби механикаландырылған электр пневматикалық қол құралы, ол талап етілетін жұмыс кезеңі бойы істі созу параметрлерінің жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

     


     

          Электр құралы – аккумулятор типтес, ол тоқ арқылы жеткізілетін қатынастарсыз, кез келген жалғауға қатысты жерлерді қосуға мүмкіндік береді. Пневматикалық құрал магистраль бойымен бөлінген клапандар арқылы ауа қысымымен іске тез қосылады.
      Барлық аспалы жабдық, құралдар мен ауыр салмақты көмекші құралдар теңгергіштерге ілінген, олар монорельстер бойынша шағын күймелер арқылы бір жерден екінші жерге ауыстырылады.
     Сынақтар учаскесі автомобильдердің құрылымдық және технологиялық шарттарына сәйкестігін тексеру мен бақылауға қатысты қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған.
     Аталмыш жабдық техникалық үрдісті жоғары автоматтандыру жөніндегі зерттеулердің озат шешімдерін, жаңа компьютерлік технологияны қолдана отырып, «Sun Electric Systems», «Weco», «Bosch», «Corghi» атты диагностикалық жабдықтар даярлайтын белгілі өндірушілермен шығарылған. 
     Құрастыру және зерттеу кешенінің өндіріс орны тиімділігі жоғары ауа алмастыру жүйесімен қамтамасыздырылған.
     Құрастыру және зерттеу жүргізу барысында зиянды заттар бөлінетін жұмыс орындарында жергілікті ауа жіберетін және тартатын желдеткіш орналастырылған.

     



     

         Шанақтың көтергіштері және құрастыру комплектілерінің учаскелері автомобиль бөлшектері мен оларды байланыстырушы бөліктерін қабылдауға, сақтауға және жинастыруға мүмкіндік беретін қазіргі заман табалына сай қойма жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Және де олар барлық қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау нормасына сай жасалынған. Іріктеп жинастырушылардың тарату учаскесі тікелей басты құрастыру конвейірінің жанында орналасқан. Бұлардың осылайша орналастырылуы, сонымен қатар аз көлемді комплектілерді өз қалпында сақтау үшін қолданылатын арнайы сөрелер мен жабдықтар материалдар көлемін механизациялау деңгейін көтеруге мүмкіншілік туғызады. Сондай-ақ, бұған қазіргі заманғы жоғары маневрлік және экологиялық жүк көтергіш машиналарды қолданудың тигізетін себі мол. 
       Құрастыру комплексінің – қарапайым, бірақ бірнеше рет қайталанылатын операцияларды орындау барысында адам психологиясына келтіретін кері әсерлерді төмендетуге байланысты жұмыс тәртібі дұрыс ұйымдастырылған, кідіріспен демалу, өндірістік гимнастика жасау, музыка арқылы психологиялық әсер ету сияқты жағдайларды қолдану ескерілген. Сондай-ақ, бұл мақсатта эргономикалық, жеңіл, шусыз механикаландырылған құралдар қолданылады. Сонымен қатар механизмдер мен құрылғылардың үлкен номенклатурасы, қазіргі заманғы оргатехникалық құрал жабдықтары және ыдыстар пайдаланылады. Жұмысшының үнемі бір конвейрде жұмыс істеуі жалықтыратын болғандықтан, оның бригада ішінде басқа конвейрге ауысуына жағдай жасалынған және т.б. 
       Жаңадан ғана пайда болған отандық автомобиль өнеркәсібіне мемлекет тарапынан қолдау шараларын енгізу қандай нәтиже береді? 
       Бұл «Азия-Авто» фирмасына автомобиль құрастырудан өзіндік жеке меншік өндірісін ұйымдастыруға көшуде.