You are here

Зауыт тарихы

    Біздің қалада автоқұрастыру зауытын құру әрекеттері бірнеше рет жасалды, алайда олардың барлығы да нәтижесіз болып шықты. Ал «Авто ВАЗ» ЖАҚ эксклюзивті импортері ұзақ жылғы мол тәжірибесі бар «Бипек Авто» компаниясы, сол жобаны іс жүзіне асырды.

    Автозауытының ашылуына бірқатар маңызды оқиғалар себеп болды:

    ...2000

    2000 ЖЫЛДЫҢ 9 ҚАРАШАСЫНДА

    «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында автоқұрастыру зауытын құру жөнінде». ҚР № 1684 Үкімет Қаулысы қабылданды.

    2000 ЖЫЛЫ 21 ЖЕЛТОҚСАНДА

    ҚР-сында ВАЗ автомобильдерін құрастыру, дайын ВАЗ автомобильдері және оған қажетті запас бөлшектері мен республика аймағында техникалық қызмет көрсету жүйесін дамыту жөнінде бас келісімге қол қойылды.

    2001

    2001 ЖЫЛЫ 14 МАУСЫМ

    Автомобильдерді құрастыру мен сынауға, шанақтарды дәнекерлеуге арналған жабдықтарды Финляндиядан жеткізу туралы келісім- шартқа қол қойылды. Ондай қазіргі заманғы жабдықты SAAB және «VALMET AVTOMOTIVE» компаниясы пайдаланылды.

    2001 ЖЫЛЫ 23 ШІЛДЕ

    АСЗ кәсіпорын күштерін орналастыруға арналған жылжымайтын мүлік кешенін сатып алу үшін «Востокмашина жасау» АҚ келісім- шарт жасалды.

    2001 ЖЫЛДЫҢ 15 ТАМЫЗЫНДА

    «ҚР экономикалық секторларында инвестициялық әрекеттерді жүзеге асырушы инвестрды ынталандыру шараларын жасау және мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде» ҚР комитетімен инвестициялар бойынша келісім жасалды.

    9 октября 2001 года

    подписан контракт с германской компанией «DURR» на поставку окрасочного комплекса для автосборочного производства.

    2002

    2002 ЖЫЛЫ 9 ЖЕЛТОҚСАН

    «Нива» автомобильдерінің сериялы шығарылымдарының шығара бастауына байланысты «АЗИЯ АВТО» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы басқаруымен отырыс өткізіледі. Комиссия ғимараты құрылысының толық даярлығы жөнінде, сонымен қатар, құрал-жабдықтардың автомобиль жасаудың қазіргі заманғы әлем талаптарына сай екендігі туралы фактілерді белгіледі.

    2003

    2003 ЖЫЛ 4 АҚПАН

    «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауыты өндірісі ВАЗ-21213 автомобиліне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартының көліктік құрал сертификаты мақұлданып, берілді.

    2003 ЖЫЛДЫҢ 28 НАУРЫЗЫНДА

    «АЗИЯ АВТО» зауыты құрастырған алғашқы ВАЗ-21213 автомобильдерінің Қазақстанда сатылуының ресми ашылуы болды. «АЗИЯ АВТО» ЖАҚ мен «Бипек Авто» ЖАҚ арасында алғашқы дилерлік келісімшартқа қол қойылды. Сатылу күнінен бастап, «Нива» Қазақстан автомобильдерін «Бипек Авто» сауда өкілеттіліктері арқылы бүкіл Қазақстан бойынша сату басталды.

    2003 ЖЫЛДЫҢ 27 МАМЫРЫНДА

    Конвейрден 1000-шы автомобиль шықты.

    2003 ЖЫЛДЫҢ 13 ТАМЫЗЫНДА

    ҚР-ның Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың келген күні. Ол «АЗИЯ АВТО» дегеніміз — бұл еліміз үшін мүлдем жаңа өндіріс және бүгінгі күні мұнда «Нива» автомобилін құрастыру барынша қатты жүріп жатыр,- деп атап өтті. Мемлекет басшысы бұл кәсіпорынның болашағы зор екендігін, себебі бүгінгі күні қазақстан тұтынушылары үшін «Нива» — жеңіл автомобильдің ең ыңғайлы, қолайлы моделі болып табылады, — деп есептейтіндігін атап көрсетті.

    Елбасының «Ниваға» отырып және оның құрастыру сапасын атай келіп, кәсіпорын жетекшісі Анатолий Балушкинге және бар ұжымға табыс тіледі.

    2003 ЖЫЛДЫҢ 22-25 ҚАЗАНЫНДА

    Халықаралық автосалонындағы қазақстандық 22-25 қазанында «Нивасының» алғашқы беташары. «Автошоу» салоны Алматы қаласында бірінші рет өтіп тұрған емес және ірі автофорумы болып табылады. Бұқара халыққа бірінші рет «АЗИЯ АВТО» зауытында құрастырылған «Нива» ВАЗ 21213 автомобилі ұсынылды. «АЗИЯ АВТО» экспозициясын «внедорожниктің» іргелі және тюнингті моделі құрады. «АЗИЯ АВТО» ЖАҚ өзіндік жобасымен ерекшеленетін өнімімен «АЗИЯ АВТО» зауыты — гран-приді және «Қазақстан аймағында жеңіл автомобильдерді құрастыру бойынша алғашқы зауытты құрушы» — атағын жеңіп алды. Қазақстан «Нивасының» және «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауытының презентациясы көрме катысушыларының арасында үлкен қызығушылықпен шынайы қызу талқылауды туғызды.

    2004

    2004 ЖЫЛДЫҢ 9 СӘУІРІНДЕ

    Зауытқа Чехия Республикасының делегациясы келіп қайтты, делегация құрамында Чехия өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары М.Сомол болды. Қазақстан зауытының өндірістік мүмкіндіктерімен танысу Қазақстан мен Чехияның сауда-экономикалық байланыстарының баспасөз-конференциясымен аяқталды, онда «АЗИЯ АВТО» зауытында «Шкода» автомобильдерін құрастыруға арналған комплектілерді жеткізуге дайын екендігі туралы 2004 жылдың аяғында айтқан болатын.

    2004 ЖЫЛДЫҢ 23 СӘҮІРІ

    «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауытының конвейерінен 4000-шы ақ «Нива» ВАЗ 21213 автокөлігі шықты. Бұл оқиға өндіріс барысын кідірмеді, конвейер бір минутқа да тоқтамады.

    2004 ЖЫЛДЫҢ 12 МАМЫРЫ

    «АЗИЯ АВТО» сапа жүйесінің тұған күні. Бұл айда зауыт TUV CERT күәләндіру мекемесіне сапа жүйесі DIN EN ISO 9001:2000 стандарттың талаптарына сәйкестігіне күәләндіру аудит өткізуге мәлемдеме жіберді.

    2004 ЖЫЛДЫҢ 25 ТАМЫЗЫ

    Республикадағы бірінші «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауытының конвейерінен бес мыңыншы «Нива» автокөлігі шықты.

    2004 ЖЫЛДЫҢ 26-НАН 30 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН

    «АЗИЯ АВТО» зауытындаТUV CERT күәләндіру Жүйесінің аудиторларымен (Германия) зауыттың сапа жүйесінің DIN EN ISO 9001:2000 стандарттың талаптарының сәйкестігіне күәләндіру аудит өткізілді.

    2004 ЖЫЛДЫҢ 28 ҚЫРКҮЙЕГІ

    Астана қаласында өткен «TQM-2004» халықаралық конференцияда «TUV Thuringen» күәләндіру орган басқармасының өкілі Бюшель мырза «АЗИЯ АВТО» ЖАҚ Президенті Мандиев мырзаға салтанатты түрде күәлік тапсырды. Берілген күәлік «АЗИЯ АВТО» ЖАҚ DIN EN ISO 9001:2000 халықаралық стандартына сай сапа менеджмент жүйесін еңгізіп, келесі салаларда қолданатынын растайды. Олар мыналар: автокөлік, электротехникалық жиынтықтаушы бұйымдар мен металдан жасалған бұйымдардың өндіруі. Осы күәлік 3 жылға беріледі, бұл мерзімнің ішінде «TUV Thuringen» ретті зауыт аудитін өткізіп отырды.

    2005

    2005 ЖЫЛДЫҢ 18 ТАМЫЗЫ

    «Skoda Auto a.s.» компаниясының жоғары қызметтегі өкілдерінен туратын делегация «АЗИЯ АВТО» АҚ-ның өскемен автоқұрастыру зауытына кіріп шыққан соң, «Skoda Octavia» автокөліктерін сериялы өндіруге ресми рұқсатқа қол қойды. Бұл күәлік «Skoda Auto a.s.» мамандарымен қазақстан зауытының барлық учаскелерінің дайындығын және спидометрлерінде 10 мың километр қашықтықты көрсеткен «АЗИЯ ВТО» АҚ-да құрастырылған «пилоттық» «Шкода»-ның тест жорығын мұқият тексеру өткізілген соң берілді.

    2005 ЖЫЛДЫҢ 21ҚЫРКҮЙЕГІ

    «АЗИЯ АВТО» өскемен зауыты Қазақстанда «Шкода Октавия» автокөліктерінің сатылуы ашылғаны туралы жариялады. Ол 6 негізгі комплектацияда шығарылады. Кондиционері бар не жоқ 1,6 қоғғалтқыш — ең қол жетерлі комплектация. Екі лиртлік қозғалтқышы бар 1,8 турбомен автокөлік — «Октавия»-ға қойылатын ең қуатты қозғалтқыш. Екеуі де автоматикалық және қол беріліс қораптарымен жабдықталған. Қазақстандағы сатыпалушылардың Чехияда жасалған көліктердің опциялары сияқты барлық опцияларға қолдары жетеді.

    2005 ЖЫЛДЫҢ 10 МАМЫРЫ

    Өндіріс басталғаннан сегіз мыңыншы жол талғамайтын LADA 4X4, NIVA маркасынын атынан танымал көлік шығарылды.

    2006

    2006 ЖЫЛДЫҢ 27 ШІЛДЕСІ

    SkodaSuperb шығаруға рұқсат берілді.

    2006 ЖЫЛДЫҢ 16-17 ТАМЫЗЫ

    «АЗИЯ АВТО» зауытындаТUV CERT күәләндіру Жүйесінің аудиторларымен (Германия) зауыттың сапа жүйесі DIN EN ISO 9001:2000 стандарттың талаптарына сәйкестігіне бақылайтын аудит өткізілді

    2006 ЖЫЛДЫҢ 6 ҚЫРКҮЙЕГІ

    Өндіріс басталғаннан он мыңыншы көлік шығарылды

    2006 ЖЫЛ 23 ҚАРАША

    ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі агенттікпен бірінші облигациялық бағдарламаның шегінде жалпы сомасы 1 млрд. теңгені құрайтын облигациялардың бірінші шығарылымы тіркелген.

    2007

    2007 ЖЫЛ 7 НАУРЫЗ

    Әлемдік автомобильқұрастыру көшбасшысы «General Motors» концернінің оңтүстік корея бөлімшесі «GM DAEWOO Auto & Technology» Chevrolet —тің үш моделін құрастыру туралы келісімге қол қойылды.

    «АЗИЯ АВТО» АҚ Президенті Ержан Мандиевтің айтуы бойынша осы жобаға салынған жалпы инвестициялар шамамен 50 миллион долларды құрайды. Бұл кәсіпорынның жеке қаражаттары ғана емес, несиелер. «АЗИЯ АВТО» компаниясы жұрт алдында мәлім, акция эмиссияларын тіркеген, қазақстандық қор биржасының листингінде, сондықтан кез келген инвесторлар, сонымен бірге Қазақстанның даму институттары да «АЗИЯ АВТО» облигацияларын сатып алуларына болады. Бұл бірінші эмиссия болатын, компания бұдан әрі де бағдарламаны жалғастыра бермек.

    Корея жағынан инвестиция жаңа технологияларды беру және «АЗИЯ АВТО» қызметкерлерін GM DAT зауытарында оқыту түрінде болып келеді. «Chevrolet» үш жаңа моделі «АЗИЯ АВТО»-да шығарылатын автомобильдердің моделдік үйлесімдігін барынша арттырады. Бұл зауыт үшін өзінің Қазақстан нарығындағы қатысын нығайтуға және уақыт өте келе отандық кәсіпорындарды жиынтықтар өндіруге ынталандырады.

    25 СӘУІР 2007Ж

    Астаналық «Алатау» Спорт сарайында бесінші мерейтойлық «Автомобиль әлемі Астана-2007» көрмесі өтті. Онда Қазақстанның, Ресейдің, Үндістанның, Украинаның және ҚХР 70 астам компаниялары өз өнімдерін- автомобильдер, арнайы техникалар, жиынтықтар, акссесуарлар, қызмет көрсету жабдықтары мен технологияларын ұсынды.

    Көрмеде орталық орынды «АЗИЯ АВТО» — «БИПЭК АВТО» тобы компаниясы алды. Бұл алып жатқан аудандардың көлемінен бұл холдингтің қазақстандықтарға ұсынатын автомобильдерінің толық қатары емес.

    «Көрмеге белсене қатысқаны үшін» және «Көрмеде компанияны жоғары деңгейде таныстыру» номинациясы бойынша дипломдар тапсырылды.

    4 МАМЫР 2007Ж

    «АВТОВАЗ» ААҚ LADA SAMARA 21099 автомобильдерінің 150 автожиынтығын жеткізді. Біздің кәсіпорынның қуаттылығы негізінде 2007 жылы 1,5 мыңға жуық жақсартылған салонды LADA SAMARA 21099 автомобильдерін жинау жоспарланып отыр.

    12 МАУСЫМ 2007Ж

    Chevrolet өндірісін шығаруға рұқсат берілді.

    15 МАУСЫМ 2007Ж

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «АЗИЯ АВТО» зауытында Chevrolet автомобильдерін жинақтау конвейерінің ашылу рәсіміне қатысты " Chevrolet маркасының автомобильдерін шығару өндірісін іске қосу үлкен жетістік болып табылады. Бағасы мен сапасы жағынан бәсекелесетін жаңа автомобильдер Қазақстан нарығын жайлап алатынына және одан тыс жерлерге шығатынына үміттенемін«-деді ол рәсімде.

    20 МАУСЫМ 2007 Ж.

    21099 шығару. АВТОВАЗдан құрастыру жиынтықтары орталығының директоры Александр Чумаев қатысып, қазақстандық кәсіпорынның жоғарғы деңгейін атап өтті.

    6-9 ШІЛДЕ 2007 Ж.

    кәсіпорында «АЗИЯ АВТО» сапа менеджменті жүйесі халықаралық DIN EN ISO 9001:2000 стандарттары талабына сәйкес келетінін көрсеткен қайталанған сертификаттау аудиті өтті. Аудит барысында тек 2 ескерту жасалды, бұл кәсіпорында СМЖ үрдістерінің қорытындысы ойдағыдай жақсартылғанын, сондай-ақ, кәсіпорын ішінде өзара әрекеттерінің жақсартылғанын куәландырады.

    16 ҚАРАША 2007 Ж.

    Кеше Бейбітшілік пен Келісім сарайында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» ҚР Президенті сыйлығына үміткерлер сайысының жеңімпаздарын және республикалық «Алтын сапа» сайыс-көрмесінің дипломанттарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.

    «Азия Авто» АҚ өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын болып танылды.

    2008

    22 ҚЫРКҮЙЕГІ 2008 Ж

    2008 жылдың 22 қыркүйегінде Ақтөбе қаласында (Қазақстан) «АВТОВАЗ» ААҚ, «АЗИЯ АВТО» АҚ және Еуразиялық даму банкі арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжатқа «АВТОВАЗ» ААҚ президенті Борис Алешин, «АЗИЯ АВТО» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин және Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Игорь Финогенов қол қойды.

    30 ҚЫРКҮЙЕГІ 2008 Ж

    «Skoda Auto a.s.» компания өкілдері SKD-CKD жоба басшысы Илиян Ивановтың басқаруымен «Skoda Octavia А5» автомобильдерінің сериялық өндірісі шығарылымына ресми түрде қол қойды. Осы сертификат "АЗИЯ АВТО«зауытында құрастырылған, қазіргі кезде қазақстандық зауыттың барлық учаскелерінде және «байқау» автомобильдерінің тестілік жол жүрісінен 10 мың километр жүріп тастаған автмобильдерді «Skoda Auto a.s.» мамандары мұқият зерттеганнен кейін берілді.

    2009

    2 ШІЛДЕСІ 2009 Ж

    «Skoda Auto a.s.» мамандары, 2009 ж. 2 шілдеде Қазақстанның автокөлікті құрастыру «АЗИЯ АВТО» АҚ зауытында, концернның Skoda Superb B6 және Skoda Octavia A5 FL жаңа үлгілерінің сериялық өндірісінің іске қосылуын қолдады.

    Өндірістік циклдың аудит қорытындысы бойынша және автокөліктердің тәжірибелік тобын жолдарда және текшелерде сынаулардан өткізуден кейін, «Skoda Auto a.s.» өкілдері, зауыттың өндірістік кешенінің жетекші еуропалық автоконцернның жаңа ізденістерінің өнімі болып табылатын үлгілерді шығаруға деген дайындығын жоғары бағалады.

    ҚЫРКҮЙЕГІ 2009 Ж

    Начало производства обновленной версии LADA 4×4, соответствующей экологическому стандарту EURO-3.

    2010

    6 МАМЫР 2010 Ж

    2010 жылдың 6 мамырында Өскемен қ. «АЗИЯ АВТО» АҚ қазақстандық автоқұрастыру зауытының қуаттылығында Chevrolet Cruze және Chevrolet Aveo автомобильдерінің сериялық өндірісінің салтанатты іске қосылуы болды.

    Жаңа үлгілердің өндірісін Бастау рәсімін Шығыс Қазақстан облысының басшысы Бердыбек Сапарбаев ашты.

    General Motors International Operations дамуы жөніндегі директоры Дэвид Бискемен жүргізілген техникалық сынау кешені нәтижелері бойынша Chevrolet Cruze және Chevrolet Aveo үлгілерінің сериялық шығарымын жасауға рұқсат берілді.

    12 МАМЫР 2010 Ж

    2010 жылдың 12 мамырында Өскемен қ. «АЗИЯ АВТО» АҚ қазақстандық автоқұрастыру зауытының қуаттылығында «KIA» автомобильдерінің сериялық өндірісінің салтанатты іске қосылуы болды.

    Қазақстандық өндірушісі үшін жаңа үлгілер қатары маркалары жолсызда жүре алатын KIA Mohave және KIA Sorento , седан KIA Ceratoмен ұсынылады.

    «KIA Motors Corp.» Батыс Еуропа мен ТМД бойынша аймақтық офис президенті мырза Эйч Ти Ли өткізіліп жатқан рәсім шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының басшысы Бердыбек Сапарбаевқа «АЗИЯ АВТО» АҚ жаңа өндірістік бағытына қолдау жасап жүргені үшін алғыс білдірді және зауыт конвейерінің концерн автомобильдерін өндіруге толық дайын екенін атап көрсетті.

    — Өткізілген сынау нәтижелері шығарылған автомобильдердің пилоттық топтамасының жоғары сапасын растайды. «KIA Motors Corp.» және «АЗИЯ АВТО» ынтымақтастығы біздің маркамыздың қазақстандық нарықта екінші рет дүниеге келуі болып саналатына сенемін«.

    9 ШІЛДЕ 2010 Ж

    TUV Thuringen e.V. сапа менеджменті жүйелерін сертификациялау бойынша халықаралық органы «АЗИЯ АВТО» АҚ-да сертификациялық тексерулерді аяқтады.

    Кәсіпорынның техникалық, сервистық (қызмет көрсету) және әкімшілік бөлемшелерін қамтыған тексерулер қорытындысы бойынша, ISO 9001:2008 стандарты талаптарынан бір-де-бір ауытқу байқалған жоқ.

    Специалисты TUV Thuringen e.V. мамандары, «АЗИЯ АВТО» АҚ —ның сапа жүйесін, кеңес заманынан кейінгі аумақтарда әрекет ететін автозауыттар арасындағы ең жақсылардың бірі деп таныды.

    TUV Thuringen e.V. тексерушілер тобының басшысы Олег Марченков айтқандай: «Бүгінгі күні, „АЗИЯ АВТО“ зауытының сапа менеджметінің жүйесі, ISO 9001 стандартының талаптарынан неғұрлым асатын денгейде. Зауытта, General Motors, Skoda Auto және KIA Motors сияқты әріптестерінің болғандықтан, өз әріптестерінің тәжірибесіндегі ең жақсы әдістерді ала отыра, өзінің басқару жүйесін жетілдіру мүмкіншілігі бар. Зауыт, шығарылатын өнімдердің жоғары сапалығын қамтамасыз ететін және оны өндіруге кететін шығындарды азайтуға мүмкіншілік беретін, қазіргі уақыттағы жаңа әдістерді өз өндірісіне жыл сайын енгізіп отырады».

    2010

    2010 жылғы 6 мамыр

    Chevrolet Cruze және Chevrolet Aveo автокөліктерінің сериялық өндірісін салтанатты іске қосу рәсімі болып өтті.

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа модельдер өндірісін іске қосуға рұқсат берді.

    Жүргізілген техникалық сынақтар кешенінің нәтижелері бойынша General Motors International Operations дамыту жөніндегі директоры Дэвид Биске Chevrolet Cruze және Chevrolet Aveo сериялық модельдерін шығаруға рұқсат берді.

    12 мая 2010 года

    «KIA» автокөліктерінің сериялық өндірісін салтанатты іске қосу рәсімі болып өтті

    Қазақстандық өндіруші үшін жаңа марканың модельдік қатарында KIA Mohave және KIA Sorento жолсызда жүретін көліктері, сондай-ақ KIA Cerato седаны ұсынылды.

    Ашылу рәсімі шеңберінде Шығыс Еуропа мен ТМД бойынша «KIA Motors Corp.» аймақтық офисінің президенті Эйч Ти Ли мырза «АЗИЯ АВТО» АҚ-ның жаңа өндірістік бағытына қолдау көрсеткендігі үшін Шығыс Қазақстан облысының басшысы Бердібек Сапарбаевқа өз алғысын білдірді және зауыт конвейерінің концерн автокөліктерінің өндірісіне толығымен дайын екендігін айтып өтті:

    — Жүргізілген сынақ нәтижелері шығарылған автокөліктердің сынамалы партиясының жоғары сапасын растайды. «АЗИЯ АВТО» мен «KIA Motors Corp.» ынтымақтастығы біздің маркамыздың қазақстан нарығында екінші рет дүниеге келуінің нышаны екендігіне сенімдімін.

    2010 жылғы 9 тамыз

    Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау бойынша TUV Thuringen e.V. халықаралық органы «АЗИЯ АВТО» АҚ-ның сертификаттау аудитін аяқтады.

    Кәсіпорынның техникалық, сервистік және әкімшілік бөлімшелерін қамтыған аудит қорытындылары бойынша бір де бір ескерту немесе DIN EN ISO 9001:2008 стандартының талаптарынан ауытқушылық тіркелген жоқ.

    TUV Thuringen e.V. мамандары «АЗИЯ АВТО» АҚ сапа жүйесін кеңес үкіметі кезеңінде жұмыс істеген автозауыттардың арасында ең үздігі деп таныды.

    TUV Thuringen e.V. аудиторлар тобының басшысы Олег Марченков айтып өткендей, «Бүгінгі күні „АЗИЯ АВТО“ зауытының сапа менеджменті жүйесі ISO 9001 стандартының талаптарынан озық деңгейде. Зауыттың General Motors, Skoda Auto және KIA Motors тәрізді серіктестерінің болуы өз серіктестерінің тәжірибесінің ең үздігін қолдана отырып, басқарудың жекеше жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Зауыт жыл сайын шығарылатын өнімнің жоғары сапасын және оның өндірісіне жұмсалатын шығындарды азайтуды қамтамасыз ететін жаңа заманауи әдістемелерді енгізіп отырады».

    2010 жылғы 15 желтоқсан

    Жаңа буындағы Skoda Auto модельдерінің өндірісі іске қосылды. Чех концернінің өкілдері жүргізген сынақтардың қорытындылары бойынша қазақстандық «АЗИЯ АВТО» автокөлік құрастыру зауыты SkodaYeti ықшам жолсызда жүретін көліктің, сондай-ақ SkodaFabia New хэтчбэгі мен әмбебабының сериялық өндірісіне рұқсат алды.

    2011

    2011 жылғы 24 наурыз

    Жуықта ғана Нью-Йоркте, Женевада және Детройтта әлемдік автошоуларда тұсаукесері болып өткен жаңа төрт KIA моделінің сериялық өндірісін салтанатты іске қосу болып өтті. Бұл KIA Soul ықшам кроссовері, KIA Sportage паркеттік жолсызда жүретін көлігі, KIA Optima бизнес-седаны және KIA Cadenza таңдаулы седаны.

    2011 жылғы 10 қараша

    «АВТОВАЗ» ААҚ-ның президенті Игорь Комаров жұмыс сапарымен Қазақстанда болып қайтты. Бұл сапардың мақсаты — толық циклді автокөлік өндірісінің жобасы бойынша «АВТОВАЗ» ААҚ, «АЗИЯ АВТО» АҚ және «ЕРТIС» ӘКК" ҰК арасында стратегиялық серіктестік туралы меморандум жасау.

    2010 жылы ҚР Үкіметі мен «АЗИЯ АВТО» АҚ арасында қол қойылған өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім аясында қазақстандық автокөлік құрастыру зауыты Өскемен қаласында республикадағы ең ірі автокөлік өнеркәсібі кластерін құру жобасы бойынша жұмыстар жүргізуде.

    2012

    2012 жылғы 8 мамыр

    Өте шағын кластағы алғашқы қазақстандық автомобиль KIA Picanto өндірісін салтанатты іске қосу рәсімі болып өтті. Модель әлем нарығындағы ең сәтті шығарылған шағын көлемді автокөліктердің бірі болып табылады және қазақстанда шығарылған KIA автокөліктерінің гаммасында сегізінші қатарда.

    Салтанатты рәсімнің арнайы қонағы Шығыс Еуропа мен ТМД елдеріндегі KIA MOTORS Corp. өкілдігінің бас директоры Джин Янг Джинг тұсаукесері болып отырған модельдің отандық нарықта алатын орнына баға берді.

    2012 жылғы 9 желтоқсан

    Алғашқы мерейтой. Он жыл бұрын конвейерінен алғашқы отандық автокөлік шыққан кәсіпорынның қуаттылықтарын іске қосуға рұқсат берілген.

    2012 жылғы 25 желтоқсан

    Республикалық конкурс-көрменің қорытындылары бойынша қазақстандық «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауыты «Халыққа арналған ең үздік тауарлар» номинациясында № 1-ші өндіруші болып танылды.

    2013

    Қаңтар

    «АЗИЯ АВТО» АҚ экологиялық-энергетикалық және технологиялық тиімділігі көрсеткіштері бойынша № 1-ші кәсіпорын болып танылды. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі тиімділік динамикасы мен есеп беру айқындығының экологиялық-энергетикалық және технологиялық тиімділік критерийлері бойынша ірі өндірушілердің қызметіне баға берді. Зерттеу қорытындылары бойынша «АЗИЯ АВТО» АҚ көрсетілген көрсеткіштерімен № 1-ші кәсіпорын болып танылды. Зауыттың эко-энергетикалық тиімділігі орташа қазақстандық кәсіпорынның ұқсас сипаттамаларынан 11,5 есеге жоғары.

    Наурыз

    «АВТОВАЗ» ААҚ-ның мамандары «АЗИЯ АВТО» АҚ-ның сапа менеджменті жүйесіне аудит жүргізді.

    KIA Cerato седанының жаңа буынының өндірісі іске қосылды.

    Таңдаулы кластың KIA Quoris седанының сериялық өндірісі іске қосылды.

    Сәуір

    Skoda Rapid автокөлігінің сериялық өндірісі іске қосылды.

    KIA Cee’d автокөлігінің сериялық өндірісі іске қосылды.

    Ықшам кроссовер Chevrolet Tracker мен бизнес кластағы Chevrolet Malibu седанының өндірісі іске қосылды.

    Мамыр

    Ресей нарығына автокөліктерді сынамалы жеткізу. Зауыт қазақстандық өндірушілердің алғашқысы болып РФ-ның техникалық регламентінің талаптарына сәйкес шығарылатын модельдердің омологациясын өткізді және Ресей нарығына Chevrolet Captiva кроссоверінің сынамалы партиясын жөнелтті.

    KIA Cadenza және Chevrolet Captiva автокөліктерінің жаңартылған нұсқасының шығарыла бастауы.

    Маусым

    «АЗИЯ АВТО» АҚ президенттігіне бұған дейін бірінші вице-президент лауазымында болған Ерик Ерлесович Сагымбаевты тағайындау.

    Шілде

    Skoda Octavia автокөліктерінің жаңа буынының өндірісін іске қосу.

    KIA Carrens компактвэнінің өндірісін іске қосу.

    Тамыз

    «TUV Thuringen-мен бірлескен Интерсертифика-ТЮФ» ЖШҚ сапа менеджменті жүйесінің DIN EN ISO 9001-2008 стандартына сәйкестігіне кезекті сертификаттық аудит жүргізді. Сертификаттың күші үш жылдық мерзімге ұзартылды.

    KIA Rio хэтчбегі қазақстандық нарық үшін ең ауқымды B-сегментінде ұсыныстар желісін толықтырды.

    Қазан

    Skoda Octavia Combi автокөліктері өндірісін іске қосу.

    Қараша

    РФ өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Глеб Никитин және Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау Өскемен қаласындағы «АЗИЯ АВТО Казахстан» АҚ базасында толық циклді автокөлік өндірісінің құрылысын іске қосуға рұқсат берді.

    Желтоқсан

    ЕВРО-4 және ЕВРО-5 стандарттағы автокөліктерді шығаруға көшу. Қозғалтқыштардың улылығына қойылатын ҚР талаптарының артуына байланысты зауыт ЕВРО-4 және ЕВРО-5 нормаларына жауап беретін автокөліктер өндірісіне толығымен көшті.



    Автоматты трансмиссиясымен Skoda Yeti жаңартылған кроссовері мен Skoda Rapid лифтбегінің өндірісін іске қосу.

    2014

    Наурыз

    KIA Soul кроссоверінің жаңа буынының өндірісін іске қосу.

    Мамыр

    26-28 мамырда Қазақстанда жұмыс сапарымен «АВТОВАЗ» ААҚ-ның президенті Бу Андерссон болып қайтты. Сапар барысында ҚР-ның Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен және «БИПЭК АВТО» холдингі басшылығының өкілдерімен бірқатар кездесулер болып өтті. Өскемен қаласында толық циклді автокөлік өндірісін құру бойынша жобаны іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізілді.

    Шілде

    Қозғалтқыш көлемі 1,6 л Skoda Rapid Spaceback, Skoda Octavia автомобильдері өндірісіне рұқсат алынды.

    Тамыз

    DIN EN ISO 9001:2008 стандартының талаптарына сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесінің аудиті.

    10-11 қыркүйек

    TUV SUD Czech және Skoda Auto a.s. кәсіпорынның өндірістік кешеніне аудит жүргізілді.

    29 қыркүйек

    Өскеменде отандық автокөлік өндірісі үшін маңызды оқиға болып өтті. «АЗИЯ АВТО» АҚ автокөлік құрастыру зауытының конвейерінен 100-мыңыншы автомобиль шығарылды. 2003 жылы республиканың жеңіл автокөлік өнеркәсібі тарихындағы алғашқы LADA4×4 жолсызда жүретін көлігі мерейтойлық автомобиль атанды.

    30 қыркүйек

    «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин және «АВТОВАЗ» ААҚ-ның Президенті Бу Инге Андерссон Ресей нарығында бірлесе қызмет жасау туралы келісімге қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Атырау қаласындағы XI-шіРесей-қазақстандық форумы аясында болып өтті.

    10 қазан

    Анатолий Балушкин мен Бу Инге Андерссон ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовқа Ресей және Қазақстан нарықтарындағы компанияның бірлескен жұмысының стратегиясын ұсынды. Ұзақ мерзімді өндірістік жоспарларды іске асырумен қатар, «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы мен «АВТОВАЗ» ААҚ Ресейдің Сібір және Орал федералды округтерінің нарықтарында сату және сервистік желілерді дамыту бойынша бірлескен қызмет туралы келісті.

    28 қараша

    «АЗИЯ АВТО» АҚ «Серіктестік көшбасшысы-2014» атағын иеленді. 28 қараша күні Астанада «Кәсіби білім және бизнес: серіктестердің диалогы» IV Халықаралық форумы болып өтті. Форум аясында техникалық және кәсіби білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін әлеуметтік серіктестік көшбасшылары марапатталды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Саринжиповтың қолы қойылған диплом «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ерик Ерлесович Сагымбаевқа табысталды.

    9 желтоқсан

    Skoda Octavia 4×4, Octavia Combi 4×4, Octavia Scout, Skoda Octavia RS және қозғалтқышы 1,6 литр және автоматты трансмиссиясымен Skoda Yeti автомобильдерінің сериялық өндірісіне рұқсатқа қол қою рәсімі болып өтті.

    12 желтоқсан

    Алғашқы қазақстандық электромобиль Kia Soul EV, сондай-ақ Kia Sorento мен Kia Carnival автокөліктерінің өндірісін іске қосу.

    Желтоқсан

    Қазақстандағы ең ірі автокөлік холдингі «Эксперт-200-Казахстан» Ұлттық бизнестің VI Экономикалық форумы аясында наградалар саны бойынша көшбасшы атағын иеленді. 2014 жылы АЗИЯ АВТО зауыты «Эксперт» журналының нұсқасы бойынша еліміздің 200 ірі компаниясының арасында 72-ден42-ші орынға көтеріліп, 87,9 млрд. теңге айналыммен Қазақстанның ең ірі машина жасаушы кәсіпорны — «Машина жасау саласының көшбасшысы» атағына ие болды. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде АЗИЯ АВТО Қазақстанның бүкіл машина жасау шығарылымының 14,7%-ын қамтамасыз етті.

    Желтоқсан

    «АЗИЯ АВТО» АҚ «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпазы атанды.

    2015

    Тамыз

    Сапа менеджменті жүйесінің DIN EN ISO 9001:2008 стандартының талаптарына сәйкестігіне екінші қадағалау аудиті жүргізілді.

    2016

    25 мамыр

    «АВТОВАЗ» ААҚ-ның президенті Николя Мор Қазақстанға алғашқы жұмыс сапарымен келіп қайтты.

    22 маусым

    Өскемен қаласында «АЗИЯ АВТО» конвейерінен алғашқы LADA Granta, LADA Kalina және LADA 4×4 5d автокөліктері шығарылды.

    29 маусым

    Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жұмыс сапары аясында Өскемен қаласында салынып жатқан толық циклді автокөлік өндірісінің алаңында болып қайтты, сондай-ақ 2016 жылы «АЗИЯ АВТО» зауытының желісін толықтыратын жаңа модельдермен танысты.

    08-10 тамыз

    «TUV Thuringen-мен бірлескен Интерсертифика-ТЮФ» ЖШҚ сапа менеджменті жүйесінің DIN EN ISO 9001-2008 стандартына сәйкестігіне кезекті сертификаттық аудит жүргізді. Сертификаттың күші үш жылдық мерзімге ұзартылды.

    3-4 қазан

    АВТОВАЗдың Николя Мор Өскемен қаласында салынып жатқан автокөлік өндірісінің алаңына барып қайтты.

    21 қазан

    ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Өскемен қаласында салынып жатқан «АЗИЯ АВТО Казахстан» автоөнеркәсіптік кластерінің алаңына барып қайтты.

    9 желтоқсан

    АВТОВАЗдың президенті Николя Мор Өскемен қаласында LADA Vesta мен XRay, сондай-ақ Largus әмбебабы мен Granta лифтбегі өндірісін іске қосуға рұқсат берді.