You are here

Жаңа ŠKODA Rapid Қазақстан нарығына шығады

    2021 жылдың қаңтарында Қазақстанда танымал лифтбек ŠKODA Rapid-тің жаңа нұсқасының сатылымы басталады. Бүгіннен бастап «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының барлық филиалдарында жаңартылған модельге арналған алдын ала тапсырыс ашылды.



    2013 жылдан бастап Қазақстан нарығында ұсынылған алдыңғы буынның ŠKODA Rapid-і В-класты анағұрлым танымал модельдердің рейтингінде берік позицияларды дәстүрлі түрде иеленген. Rapid жаһандық нарықтағы ŠKODA брендінің ең сұранысқа ие автомобильдерінің бестігіне кіреді. Модель бүкіл әлем бойынша автоәуесқойлардың жүректерін жаулап алған және EuroNCAP тәуелсіз еуропалық ұйымының қауіпсіздік рейтінгінде Red Dot Design Award—тен бастап максималды 5 ұпайға дейінгі беделді халықаралық марапаттардың бірқатарына ие болған.

    Принципиалды жаңа ŠKODA Rapid заманауи дизайнды және өз класындағы ең инновациялық технологияларды үйлестіреді. Автомобильдің басты қасиеті — оның әмбебаптылығы. Rapid сатып алушылардың барлық санатының: отбасы барлардың және екінші жартысын іздеп жүргендердің, жастардың және үлкендердің де талғамына сай келеді. Бұл машина күнделікті өмірге арналған және бизнесте үздік көмекші. Жаңартылған модель лифтбек шанағын сақтады. Қамқорлықпен ойластырылған опциялары мен Simply Clever фирмалық шешімдерінің толық жинағы автомобильде отыруды анағұрлым жағымды ете түсті.

    Ренат Мухамедов, «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ сату департаментінің директоры:

    ŠKODA брендімен біздің компанияны 15 жылдық серіктестік қарым-қатынас байланыстырады. Осы жылдар ішінде «БИПЭК АВТО» филиалдық желісіне келген 21 000-нан астам сатып алушы чех брендін таңдаған. Өскемендегі конвейер мәжбүрлі тоқтатылғаннан кейін қазіргі уақытта біз дайын автомобильдерді жеткізу режиміне ауысып отырмыз. Бүгінгі күннің өзінде қазақстандықтар автомобильді брондай алады және символикалық алдын ала төлем 50 000 теңге төлеу талаптарымен алдын ала тапсырыс ресімдеп, оның бағасын тіркей алады. Жаңартылған модель заманауи дизайнымен және инновациялық шешімдерімен қуантады. Екінші буындағы Rapid Қазақстанның нарығындағы ŠKODA-ның табысты сатылымының тарихын жалғастырады.

    Дизайн эволюциясы

    Rapid — фирмалық кристалдық дизайн идеясы іске асырылған ŠKODA маркілі бірінші автомобиль. Модельдің жаңа генерациясында бұл тұжырым сапалы басқа деңгейде іске асырылған: машинаның сыртқы түрін енді көбінесе жарықдиодты оптика қалыптастырады. Жебе тәрізді фарлары мен артқы «кристалдық» L-тәрізді фонарлары Rapid-тің экстерьеріне даралық береді. Автомобиль үшін басты фарлардың екі түрі: басты жарықтың базалық жарықдиодты фарлары және адаптивті жарықтандыру жүйесі бар (AFS) толығымен жарықдиодты фарлар ұсынылады.



    Чех хрусталь өндірісі мен прагалық кубизм рухындағы сәулет өнерінің дәстүрлері есте қалардық дизайн үшін шабыт болды. Нақты қырлары, рельефті капоты, ішіне салынған жарықдиодты ерекше фарлары, бамперінің төменгі бөлігіндегі ара ұясы түріндегі сурет және радиаторының алты қырлы торы автомобильді көзге анағұрлым қарқынды және кең етіп көрсетеді. Экстерьеріндегі белгі орынында қанатты жебесі бар эмблема — жаңа ŠKODA-ның «визит» карточкасы бар.



    Автомобиль сатып алушыларға бояуының екі түсті нұсқасы — төбесі қара және таңдауына қарай негізгі түстегісі ұсынылады.

    Rapid — жай автомобильден артық. Өзінің сапасы, төселімділігі мен сенімділігінің теңдестірілуі арқасында ŠKODA брендінің осы өкілі үнемі күткеннен де асып түсетін. Модельдің жайлылық, қауіпсіздік пен төселімділігінің жаңа опциялары тіпті анағұрлым жоғары класты басқа автомобильдерде де көбінесе қолжетімді емес.

    ŠKODA Rapid Simply Clever көптеген «ақылды» шешімдерін ұсынады, олар жүргізу процесін барынша жайлы етуге жасалған: 8 кг-ға дейінгі жүкті ұстауға есептелген Cargo әмбебап бекіту элементтері, жүксалғышындағы екіжақты әмбебап төсеніш; алдыңғы есіктеріндегі көлемі 1,5 литрге дейінгі су бөтелкелеріне арналған бөлімше; көлемі 0,5-0,6 литр су бөтелкелерін қоюға есептелген артқы есіктердің қалташалары; көлік қою талондарына арналған қыстырғыш; 7,5 кг-ға дейінгі салмақты көтеретін жүксалғыштағы сөмкелерге арналған ілгіштер; алдыңғы жолаушы отырғышының астындағы арнайы қуыстағы бренд қолшатыр, сондай-ақ үлкейткіш әйнек ретінде жұмыс істейтін, ал оның миллиметрлік сызығы бар бұрышы шиналардың протекторының қалдық тереңдігін өлшеуге арналған бензин багы люгінің астындағы мұзға арналған қырғыш.

    Интерьерінің жаңа тұжырымы

    Ықшамдылығына, габариттік өлшемдеріне (ені — 1706 мм, ұзындығы — 4485 мм, биіктігі — 1475 мм) қарамастан, ŠKODA Rapid автомобильдің ішіндегі макимум пайдалы кеңістікті береді. Екінші қатардағы жолаушылардың аяқтарына арналған және олардың бастарының үстіңгі жағындағы кеңістік бойынша ŠKODA Rapid өз класының көшбасшысы. Ықшам габариттері бар Rapid-ті рекордтық сыйымдылығы ерекшелендіреді. Стандартты конфигурациядағы жүксалғышының көлемі 530 литр және артқы отырғышының жиналған арқалығындағы көлемі 1460 литр.



    Жаңа ŠKODA Rapid интерьері принципалды жаңа технологиялық шешімдерді қолдану есебінен дамыған. Таңдауға руль доңғалағының бірнеше түрі, соның ішінде мүлде жаңа — екі спициі бары ұсынылады. Руль доңғалақтары былғарымен қапталған болуы мүмкін, сондай-ақ электрлік жылытқышы, медиажүйені, телефонды, борткомпьютерді және электрондық ассистенттерді басқаруы болуы мүмкін. Автомобиль үшін Smartlink функциясы бар жаңа буынның екі жүйесі: диагоналі 6,5″ түрлі түсті сенсорлық дисплейі бар Swing және 8,0″ дисплейі бар «үлкен» Bolero ұсынылады.

    Rapid өте эргономикалық. Басқару органдары дұрыс орналасқан және қондырмасы ыңғайлы. Құралдар панелінің жоғарғы бөлігінде ақпараттық-көңіл көтеру жүйесінің экраны ерекше орын алады, ол енді жүргізушінің көру аясына жақын орналасқан.

    ŠKODA Rapid-те әрлеу материалдарының сапасына ерекше назар аударылған. Мысалы, отырғыштары ұзақ жылдар бойы нақты қаттылығын сақтауы тиіс және ол жеделдетілген ресурстық сынаулар барысында расталады. Одан басқа, әрлеуге қолданылған маталардың да беріктігі, тозуға төзіміділігі және отқа жанбайтындығы сыналады. Салондағы бір де бір бөлшек ауаға зиянды булануларды бөлмейді және ешқандай жағдайда жағымсыз иістің көзі болып табылмайды.

    Күштік агрегаттар

    ŠKODA Rapid-ті сатып алушы бензиндік төртцилиндрлік қозғалтқыштардың үш нұсқасының біреуін таңдай алады. Моторлардың тобында бензинді таратып бүріккіші бар 1.6 MPI екі атмосфералық және тікелей 1.4 TSI бар бір турбирланған моторлар бар.

    1.6 литрлік күштік агрегат екі нұсқада: 90 л.с.және 110 л.с., механикалық БҚК бары және анағұрлым қуатты нұсқадағы автоматты трансмиссиясы бары ұсынылады. Қуаты 125 л.с. 1.4 литрлік TSI қозғалтқышы 7 сатылы автоматпен үйлеседі.

    ŠKODA Rapid-ке орнатылатын барлық қозғалтқыштар жеңілдігімен, тартқыштығымен және тыныш жұмыс режимімен ерекшеленеді. Толығымен қатал климаттық жағдайларға бейімделген, сондай-ақ цилиндрлер блогының бастиегіне интеграцияланған шығару коллекторы бар, ол қозғалтқышты қысқы уақытта тез қыздыруға мүмкіндік береді.

    Одан басқа, жаңа Rapid жаман жолдарға арналған пакетпен жабдықталады, оған ұлғайтылған жол саңылауы бар күшейтілген аспа және сыйымдылығы жоғары аккумулятор кіреді.

    Жайлылық технологиясы

    Rapid Entry, Active, Ambition және Style деген төрт жинақтаудағы Жаңа ŠKODA қазақстандықтарға қолжетімді болады.

    Енді Entry старттық нұсқасындағы автомобиль (ESC) бағыттық төзімділігінің электрондық жүйесімен, шиналарындағы ауа қысымының индикаторымен, екі спицилі руль доңғалағымен, борттық компьютермен, иммобилайзермен, қашықтықтан басқаруы бар екі жиналмалы кілті бар орталық құлыппен, диагоналі 6,5 дюйм түрлі түсті сенсорлық дисплейі және 6 динамикасы бар Swing құрылғысымен жабдықталған.

    ŠKODA Rapid-тің мүлде жаңа жайлылық деңгейі Style топтық нұсқасында көрсетіледі. Базалық жабдықтан басқа, «үлкен» нұсқасында Full LED, AFS жарықдиодты фарлары және Corner бұрылыстарды жарықтандыру жүйесі, жарықдиодты күндізгі жүріс шамдары, артқы әйнектазартқыш, бүйірлік әйнектерге арналған хром-пакет, былғарымен қапталған және электржылытқышы бар екіспицилі көпфункциялы руль доңғалағы, тұраққа қоюдың артқы датчиктері, жаңбыр датчигі, жарық датчигі, Coming home, Leaving home, жылдамдықты шектегіші бар круиз-бақылау, тауға көтерілу ассистенті (1.4 TSI арналған), Maxi Dot көпфункциялы дисплейі, Climatronic климат-бақылауы, 15 дюймдік жасырын бұрандалары бар Alaris жеңіл қорытпалы доңғалақ дискілері, кілтсіз кіру және қозғалтқышты іске қосудың Kessy жүйесі, алдыңғы жақтағы арақашықтықты бақылаудың Front Assist жүйесі және тағы басқалары бар.



    Front Assist арақашықтықты бақылау жүйесі — ол ŠKODA Rapid-ке арналған белсенді қауіпсіздіктің мүлде жаңа құралы. Бамперінің төменгі бөлігінде радар бар, ол алдыңғы жақта қозғалып келе жатқан көлік құралына дейінгі қашықтықты қадағалайды. Қауіпті шекке дейінгі арақашықтықты қысқартқан кезде Front Assist жүргізушіге ескерту дабылын береді. Жүргізушінің реакциясы болмағанда, ассистент ЖКО болдырмау үшін немесе соқтығысулардың ауыр зардаптарын төмендету үшін әртүрлі тәсілдермен тежегіш жүйесіне әсер етеді. Жүйе 5 шақырым/сағаттан басталған жылдамдықта белсенді іске қосылады және қажет болғанда қолмен ажыратылады.

    Сатып алушыларға қосымша функционалдық пакеттер, дизайнды таңдау, сондай-ақ арнайы опциялар ұсынылады.

    ŠKODA Rapid сатып алғанда клиент автомобильге мерзімі 2 жылға жүрген жолы шектелмейтін кепілдік және шанағының өтпелі тот басуынан 12 жылдық кепілдік алады.

    Автомобиль TRADE-IN бағдарламасы бойынша қолжетімді. Rapid-тің құны 5 990 000 теңгеден басталады.

    Жаңалықтар мен оқиғалар