You are here

«АЗИЯ АВТО» ҚР ИИДМ және «Оператор РОП» ЖШС-мен сот даулары аясында шағымдар жолдады

    Ресми құжаттар ашық қолжетімді болды

    «АЗИЯ АВТО» АҚ автоқұрастыру зауыты мен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі арасындағы дауға қатысы бар жеке шағымды, сондай-ақ «АЗИЯ АВТО» АҚ мен «Оператор РОП» ЖШС сот ісі жөніндегі апелляциялық шағымды https://bipek.kz/miid сілтемесіне орналастырды.

    1. ҚР ИИДМ ісі жөніндегі жеке шағымда «АЗИЯ АВТО» АҚ Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Нұр-Сұлтан қаласы МАЭС-ның 2020 жылғы 8 желтоқсандағы анықтамасының күшін жою, сондай-ақ мәселені мәні бойынша қарауды және «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі» ММ-нің «АЗИЯ АВТО» АҚ-на талап арызы жөніндегі азаматтық істі соттылығы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына беру туралы өтінішпен жүгінді.

      Нұр-Сұлтан қаласы МАЭС-ның 2020 жылғы 8 желтоқсандағы анықтамасымен «АЗИЯ АВТО» АҚ-ның азаматтық істі соттылығы бойынша ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдау туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдырғанын атап өту маңызды. «АЗИЯ АВТО» АҚ-ның өтінішінде көрсетілген дәлелдемелердің бір де біреуін сот қараған жоқ. Сот тек басқа Азаматтық іс жөніндегі сот анықтамасына ғана сүйенген, онда Өндірістік құрастыру туралы келісімді орындау орыны — Нұр-Сұлтан қаласы деп анықталған (Келісімнің мәні — көлік құралдарын өндірістік құрастыруды іске қосу Өскемен қаласында).

      Істі қарау 12.01.2021 жылы сағат 09:30-да Нұр-Сұлтан қаласының қалалық сотында деп тағайындалған.

    2. «АЗИЯ АВТО» АҚ Нұр-Сұлтан қаласының МАЭС-ның 2020 жылғы 24 қарашадағы шешіміне апелляциялық шағымда «АЗИЯ АВТО» АҚ-ның талап арыздарын толығымен қанағаттандыратын, іс бойынша жаңа шешім шығарып, Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 24 қарашадағы шешімінің күшін жоюды,сұрайды.

      Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 24 қарашадағы шешімімен «АЗИЯ АВТО» АҚ-ның «Оператор РОП» ЖШС-нен сомасы 66 220 500 теңге берешекті өндіріп алу туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартылғанын еске салу қажет.

      «Оператор РОП» ЖШС 2020 жылдың мамырынан бастап ҚР ИИДМ нұсқауына және Өндірістік құрастыру туралы келісімнің бұзылғанына сүйеніп, «АЗИЯ АВТО» АҚ ынталандыратын төлемдерді жүргізуді негізсіз тоқтатқан. Сот істі қарағанда қаржыландыруға арналған өтінімдер берген кезде Өндірістік құрастыру туралы келісім әлі бұзылмағанын және қолданыстағы шарт болғанын анықтаған. Алайда соған қарамастан, сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартқан, шешімде соттың қорытынды шешімін негіздейтін қандай да бір құқықтық нормаға сүйене алмаған.

    «АЗИЯ АВТО» АҚ өз шағымдарында апелляциялық тәртіппен күшін жоюға жататын, шығарылған сот актілерінің заңсыздығының нақты негіздемелерін келтіреді. Компания шағымның дәлелдемелерін мәні бойынша қарауды және олар бойынша заңның бір әріпін де бұлжытпай, әділ шешімдер шығаруды сұрайды.

    Оқиғалардың толық хронологиясы, сот актілері мен өзге де материалдар барлық танысқысы келетіндер үшін кәсіпорынның https://bipek.kz/miid ресми сайтында қолжетімді.