You are here

«АЗИЯ АВТО» AUTONET AWARDS 2020 сыйлығының жеңімпазы болды

    «АЗИЯ АВТО» халықаралық конкурстың марапатын — жаңа көлік технологиялары саласындағы жыл сайынғы AUTONET AWARDS 2020 сыйлығын алды. Өскеменнің зауыты «Көліктік телематикалық жүйелер» бағыты бойынша «Connected-кеңейту/платформалар» номинациясының жеңімпазы болды.

    AUTONET AWARDS 2020 — цифрлық автокөлік технологиялары саласындағы Ресейдің ұлттық сыйлығы, басты тәуелсіз салалық марапат, телематикалық платформалар, ақылды қалалық мобильдік және көлік логистикалық қызметтер нарығындағы сапа мен іскерлік беделді мойындаған рупор.

    Биылғы жылы номинанттарды марапаттау «АВТОНЕТ—2020» біріккен онлайн-форумы және «МАНФ — 2020» халықаралық автомобиль ғылыми форумы аясында өтті. РФ Үкіметінің қолдауымен «ГЛОНАСС» КС және «НАМИ» РФ МҒО ФМБК ұйымдастырушылар болды. Конкурсқа 300-ден астам Ресейдің және шетелдің компаниялары қатысты.

    Қазақстанның «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауыты әділқазылар төрелігіне автоөндірушінің телематикалық платформасының авторлық жобасын ұсынды. 2017 жылдан бастап «АЗИЯ АВТО» инженерлері мен IT-мамандары серіктестермен бірлесіп, BIPEK Contact телематикалық күзет-сервис жүйесін әзірлеуді және енгізуді жүргізуде. Бүгінгі күні ол «АЗИЯ АВТОНЫҢ» өзінің патенттелген өнімі, онымен іс жүзінде Өскеменнің кәсіпорыны шығаратын барлық автомобильдер жабдықталады. Премиум-класты күзет-сервистік жүйесі мобильдік қосымшаның көмегімен автомобильдің көптеген функцияларын қашықтықтан басқаруға және тікелей смартфоннан автомобильдің техникалық жағдайын қадағалауға мүмкіндік береді. Сервис сондай-ақ дилер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.

    Жүйеге қосылған автомобильдерге предиктивтік қызмет көрсету технологияларын дамыту және енгізу бағытында «АЗИЯ АВТО» зауыты С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен белсенді түрде бірлесіп жұмыс істейді. Студенттер көп деректерді талдау, көлік құралдарының аналитикасы және қызмет көрсету тұжырымдамасын іске асыруға бірегей математикалық модельдерді жасау саласындағы өз білімдерін қолданады. Жас мамандар кәсіпорында тек бірегей тәжірибе ғана алып қоймайды, атаулы шәкіртақы да алады. «АЗИЯ АВТО» болашақта компанияның үлкен ұжымының жартысы жас ғалымдар болуына мүдделі.

    Ерік Сағымбаев, «АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры:

    «АЗИЯ АВТОНЫҢ» AUTONET AWARDS 2020 халықаралық конкурсындағы жеңісі — ол біздің ұжымымыздың тәжірибесі мен кәсіби амбицияларының мойындалуы, төрт жылғы жұмысымыздың нәтижесі. Біз серіктестер мен бірлесіп әзірлеушілерге алғыс білдіреміз. «АЗИЯ АВТОНЫҢ» авторлық әзірлемелері АВТОДАТА платформасын дамыту үшін пайдалы болатынына және экономиканың аралас секторларында сұранысқа ие болатынына сенімдіміз. Біз ұсынып отырған big data өңдеу технологиялары көлік, сақтандыру компанияларының және басқа салалардың жұмыстарында қолданыс табады.

    Жаңалықтар мен оқиғалар