Өскеменнің «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауыты өндірістің тоқтауына байланысты білім бағдарламаларын жабуға және республиканың ең ірі 20 оқу орынымен келісімдерді бұзуға мәжбүр.
«АЗИЯ АВТО» қызмет тарихында Қазақстанның машинажасау саласы үшін мыңнан астам маманды дайындады. 2011 жылдан бастап кәсіпорында «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» білім бағдарламасының Машинажасау мектебінің филиалы жұмыс істеген, онда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттері жаңа мамандық ала алатын, тәжірибеден және қолданыстағы конвейердегі үздік мамандардың сүйемелдеуімен тағылымдамадан өте алатын.
Ерік Сағымбаев, «АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры:
«АЗИЯ АВТО» қабырғасында бүкіл Қазақстанның мыңнан астам талантты студенттері оқудан және тағылымдамадан өтті. Олардың көпшілігі оқу орынын аяқтағаннан кейін біздің зауытқа жұмыс істеуге келді және мамандықтары өте тез өсті. Түлектерді білімдерінің жоғары деңгейі мен еңбекке орналасу кезінде қажетті маман болулары үнемі ерекшелейтін. Біз «АЗИЯ АВТО» конвейеріндегі тәжірибе студенттерге жеткілікті тәжірибе алуға, заманауи өндірістің нақты жағдайларындағы жұмысқа дайындалуға мүмкіндік бергенін мақтан тұтамыз.
Өкінішке орай, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің біздің зауытымызға қатысты бұзушылық әрекеттері өндірістің толық тоқтауына әкелді. Ол ШҚО индустриалдық дамуы үшін де біздің өңіріміздегі кадрлар дайындау жүйесі үшін де ауыр зардаптарға әкелетіні сөзсіз. Біздің өндірісте студенттердің оқудан, тағылымдама мен тәжірибеден өту мүмкіндігін әрі қарай қамтамасыз ете алмайтынымызды түсінеміз, сондықтан Машинажасау мектебінің филиалын жабуға және оқу орындарымен келісімдерді бұзуға мәжбүрміз. Мұның бәрін жүрегіміздегі ауыр сезіммен және түсіністік пен қолдау танытқандары үшін серіктестерімізге алғыс білдіре отырып, орындап отырмыз.
«АЗИЯ АВТОНЫҢ» Қазақстанның оқу орындарымен келісімшарттарды бұзуының нәтижесінде машинажасау саласының болашақ мамандары білім базасынан ғана емес анағұрлым талантты студенттер алып келген атаулы шәкіртақыдан да айырылады. Сонымен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің шәкіртақы алушы-студенттері «АЗИЯ АВТОНЫҢ» патенттеген әзірлемесі — «Bipek Contact» телематикалық жүйесімен құрылған Big Data-ны өңдеумен айналысқан.
Зауыт студенттері тәжірибеден табысты өтіп жүрген және «АЗИЯ АВТОНЫҢ» өндірістік конвейерінде бірегей тәжірибе алып жүрген Қазақстанның тоғыз оқу орынына хат жолдауға мәжбүр.
Олардың ішінде — «Назарбаев Университеті» АБҰ, «Қарағанды политехникалық колледжі» ҚМКК, «Шахтинск технологиялық колледжі» ҚМКК және басқалары бар. Тек қана Шығыс Қазақстан облысы бойынша оннан астам оқу орыны бар.
Дмитрий Лопатин, «АЗИЯ АВТО» АҚ посттық құрастыру учаскесінің бригадирі:
2012 жылы мен алғаш рет Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ колледжінің тәжірибеден өтуші студенті ретінде «АЗИЯ АВТОҒА» келдім. Колледжді аяқтап, құрастыру цехының механикалық құрастыру жұмыстарының сілесірі болып зауытқа жұмысқа орналастым. 2015 жылы мен конвейерлік құрастыру учаскесінің бригадирі болдым. Мұның барлығы 3 жыл ішінде!
Бүгінгі күні оқуымды жалғастырып жүрмін. Зауыт маған біруақытта жұмыс істеу және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де жоғары білім алуға мүмкіндік берді.
Мен осында алған бірегей білімім мен тәжірибем үшін қолдау танытқаны үшін «АЗИЯ АВТОҒА» алғысымды білдіремін.