Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі» ММ-нің 173,9 млрд.теңге «залалды» өндіріп алу туралы «АЗИЯ АВТО» АҚ-на талап арызы жөніндегі азаматтық істі бірінші инстанцияда қарау аяқталды.
ҚР ИИДМ өз талап арыздарын сот тәртібімен Өндірістік құрастыру туралы 07.04.2017 жылғы келісімнің бұзылуымен негіздеген, соған байланысты
Бұрын қолданыста болған Өндірістік құрастыру туралы 24.06.2010 жылғы келісім «АЗИЯ АВТО» АҚ тарапынан қандай да бір бұзушылықтарсыз, тараптардың екіжақты келісімі бойынша 2017 жылғы сәуірде бұзылған болатын, соған сәйкес 2017 жылғы сәуірге дейінгі алынған жеңілдіктер бөліміндегі наразылықтардың бастапқыдан бастап ешқандай негіздемелері жоқ.
07.04.2017 жылғы келісім тек 21.10.2020 жылы ғана бұзылған және осы күнге дейін қолданыстағы шарт деп есептелген. Сонымен бірге ҚР қолданыстағы заңнамасында да Келісімде де Келісім бұзылған жағдайда салықтар мен баж алымын қосымша есептеу қарастырылмаған. Келісім өндірушілердің тарапынан болатын бұзушылықтардың тек бір түрін ғана — алынған автоқұраушылардың мақсатқа сай емес пайдаланылуын ғана анықтайды. «АЗИЯ АВТО» АҚ тарапынан бұзушылықтар болған жоқ: әкелінген барлық автоқұраушылар тек қана көлік құралдарын өндіру үшін ғана пайдаланылған.
Сот шарт бұзылған жағдайда залалдардың орнын толтыруды қарастыратын, азаматтық заңнаманың нормаларына сүйеніп, өз шешімімен «АЗИЯ АВТО» АҚ-на салықтар мен кедендік баждарды қосымша есептеуді қолдаған. Бірақ сот ҚР АК-нің
Өндірістік құрастыру туралы келісімдердің қолданылу кезеңінде компания төлеген салықтардың сомасы алынған преференциялардың жалпы сомасынан бірнеше есе асып түседі. «Залал» термині бұл жағдайда ірі инвестордың қызметі котекстінде қолданылмайды. «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы төлеген салықтардың арқасында мемлекеттік бюджет $536 млн.-нан артық сомаға ұлғайған.
Анатолий Балушкин, «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы:
— «Бірдеңені қайтару үшін, алдымен оны алу керек. Біз ол ақшаны алған жоқпыз. Бұрын мемлекет берген барлық жеңілдіктер мен преференциялар автомобильдердің қолжетімді бағалары түрінде сатып алушыларға кетті. Преференциядан өндірушіні емес, тұтынушыны айырды.
Егер жеңілдіктерді физикалық түрде шоттарға аударып алатын болса, онда оларды кәсіпорынның активіне есепке алуға болады және дәл осындай физикалық шамамен қайтару туралы әңгіме жүргізуге болады. Бірақ, бұл гипотетикалық және виртуальды есептеулер және бағалау есептеулері болған кезде қандай қайтару туралы айтуға болады? Бізді ҚҚС-нан босатты, біз, өз кезегімізде, оны бағадан алып тастадық, сатып алушыға қолжетімді бағамен бердік. ҚҚС қайда? Сатып алушының қалтасында. Яғни, бұл ақшаны монеталау МҮМКІН ЕМЕС! Ол импорттаушыларға арналған шектеу шаралары. Олар елдің ішіндегі өндірісті дамытуға, жұмыс орындарын құруға, салықтар төлеуге мүмкіндік береді.
Неге осы күнге дейін қарапайым тексерулер, салалық сараптамалар жүргізбеді? ОЛАР болған жоқ!
Ұжым осындай әтүрлі түсініктерден есеңгіреуде!»
Талап арыздардың мәні болып табылатын салықтық және кедендік жеңілдіктерді алу үшін өндірушілерге Көлік құралдарын өндірістік құрастыру туралы келісім жасаудың қажеті жоқ. «АЗИЯ АВТО» АҚ 2003 жылдан бастап бос қойма иесі бола отырып, осы уақытқа дейін әкелінетін автоқұраушыларға тиісті кедендік процедураны қолданады, ол ЕАЭО заңнамасына сәйкес бос қойма режиміндегі тауарды кедендік баждар мен салықтардан босатады.
Залалдың мөлшерінің негіздемесі ретінде ҚР ИИДМ ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің жауабына сүйенген. Онда, «АЗИЯ АВТО» заңгерлері ҚР ИИДМ сұрауында да ҚР МКК жауабында да осы құжатта көрсетілген, берілген жеңілдіктер үшін негіздемелер ретінде Өндірістік құрастыру туралы 04.04.2017 жылғы келісім ескерілмегеніне соттың назарын аударған. Сот осы жағдайды ескермеген және ҚР ИИДМ-нің «АЗИЯ АВТО» АҚ-на талап арызын толық көлемде қанағаттандырып, осы келісімнің негізінде шындығында жеңілдіктер берілгенін анықтамаған, .
Әкелінетін автоқұраушылардың көп бөлігі Ресей Федерациясының аумағында өндірілген және жеткізілген, ал 2010 жылдан бастап Кедендік одақ аясында (Еуразиялық экономикалық одақ болып қайта құрылғанның нәтижесінде) Одақ ішіндегі айналымдағы тауарларға қатысты тауарларды еркін ауыстырушылық, соған сәйкес кедендік баждардан босату қарастырылған. Алайда сот өз шешімімен ЕАЭО құрылу және жұмыс істеуінің негізгі принциптерін ескермей, Кедендік одақ ішінде өндірілген және ауыстырылған (Ресей Федерациясында өндірілген және Қазақстан Республикасына жеткізілген) тауар үшін кдендік баждар мен салықтарды «АЗИЯ АВТО» АҚ-на қосымша есептеген және өндірген.
Владимир Шевченко, «АЗИЯ АВТО» АҚ өкілі:
— Осыншама күрделі істі қарау бір ғана қысқа сот отырысымен шектелді, сот барысында сот біздің барлық дәлелдемелерімізді елемеді.
Апелляциялық тәртіппен осы шешімге шағымданамыз.